Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Алматыдағы Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысындағы көпқабатты үйдің қабырғасына «қисайтып» салынған ұлы данышпанның муралына көзіміз үйренбей-ақ қойды... Нақтыласақ – кезінде қолданыстан түскен 20 теңгелік банкнотты тігінен «тұрғызып» бояп салған демеуші, яки жебеуші «көздеген» арманына жеткен-ау деген ойда қаламыз! Өйткені...
Руханият • 28 Қазан, 2020
Отбасындағы дағдарыстың әсері ме екен, Айқыз аяқ астынан жиналып қалаға тартып отырды. Нақты жұмыс жоқ, тұратын пәтері де дайын емес-ті. Өзінше қысылғанда керек болар деп бөлек қойған қаражатын да түгесті. Қалта жұқа, көңіл пәс. Марқұм анасы айтпақшы «шәрлі жер рақымсыз».
Саясат • 28 Қазан, 2020
Трамптан кейінгі әлемдік тәртіп
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Испанияның сыртқы істер министрі қызметін атқарған Ана Паласио 3 қарашада өтетін АҚШ президентінің сайлауына тоқталады. Автордың айтуынша, мұхиттың арғы бетіндегі сайлау АҚШ-қа ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Өйткені Батыстың алдағы 4 жылда қандай саясат ұстанатыны сайлауда кімнің жеңіске жететініне тікелей байланысты. Өйткені бұған дейін Дональд Трамп бірнеше халықаралық келісімнен шыққан-ды. Алда-жалда Джо Байден Ақүй тізгінін ұстап жатса, АҚШ-тың саясаты өзгеруі мүмкін. Осылар туралы ой түйген автор Американың келешекте жаһандық тұрақтылықты сақтауға мұрындық болуы тиіс деп есептейді.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Уильям Фолкнер Бірнеше жыл пошташы болып жұмыс істеген. Алайда жеткізілмеген хаттарды қоқыс жәшігіне тастайтыны әшкереленген соң жұмыстан қуылыпты.
Сайлаушылар тізімі пысықталады
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру мәселесі сөз болды.