Мәдениет • 24 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Ақтауда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына арналған ауқымы үлкен, бірнеше іс-шараларды құрайтын халықаралық би фестивалі өтті. Фестивальға Алматы қаласынан келген Алмас Бекбосыновтың туыстары Сара және Ақмарал Бекбосыновалар, Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Талпақова бастаған қазылар алқасы мен қонақтар, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 өнерпаз қатысты. Фестиваль аясында биші Алмас Бекбосыновтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрменің ашылуы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмнің тұсаукесері, дөңгелек үстел, шеберлік сағаттары және конкурс өтті.
Маман • 24 Қазан, 2024
Мәртебелі мамандық, еселі еңбек
Мектеп ішіндегі аядай ғана бөлме кітапқа құштар балалардан бір сәт те босамайды. Бірі ертегі оқығысы келсе, енді бірін түрлі-түсті суреті бар кітаптар қызықтырады. Оқушылардың қай-қайсысының да көңілін табуға тырысатын кітапханашылардың бір күндік жұмысы кітап үлестірумен бітпейді. Даталы күндер, конференциялар, кездесулер кестесінен бөлек, оқулықтар, әртүрлі мазмұндағы кітаптарды күтіп ұстауға қатысты шаруамен дамыл таппайды. Осындай қарбаласқа толы күндердің бірінде Алматы қаласындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 мектеп кітапханасының меңгерушісі Ғайша Садыровамен әңгімелесіп қайтқан едік.
Кітапхана • 24 Қазан, 2024
«Қазақ газеттері» ЖШС Алматы филиалында Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын (ҚазҰЭК) толықтыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Туризм • 24 Қазан, 2024
«Тау ұлымын, тау – менің дәу бесігім» деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, тау – қазақтың тағзым етіп, еңсе түзер биігі. Әкені асқар тауға балап, «таудай бол!» деп бата беретін елміз. Бүгінде сол тау сакралды ұғым ғана емес, таудай табыс көзіне айналып отыр.
Қоғам • 24 Қазан, 2024
Дүниежүзінің 132 елін аралап, олардың тарихи орындарын, ұлттық құндылықтарын, ұлы адамдарының өмірін, сәулет өнері ескерткіштерін, флорасы мен фаунасына дейін тәптіштеп жазу әркімнің қолынан келе бермейді. Жиһанкезден ерен төзімділікті, байқағыштықты, асқан білімділікті талап етеді.