Шаруашылық • 24 Қазан, 2023
Шаруасын дөңгелетіп, өзімен бірге өзгелердің де нәпақа айыруына сеп болып отырған шаруашылықтың бірі – «Құлжановтар» қожалығы. Маңғыстау ауданының «Нысап» жерінде мал өсіріп, егін егумен айналысып келе жатқан шаруашылықтың жұмысы жолға қойлыған.
Сараптама • 24 Қазан, 2023
Жаһан экономикасының тұрақсыздығына не себеп?
Дүниежүзілік банктің жақында жариялаған баяндамасына қарасақ, 2023 жылы әлемдік экономика өсімі (2022 жылғы 3,1 пайыздан) 2,1 пайызға баяулайды. Банк сарапшыларының болжамынша дамушы елдердегі пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі экономикалық өсімнің баяулауына себеп болмақ.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Ассамблея кафедрасына – 10 жыл
Республика күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының 10 жылдығына орай «Шаңырақ» ҚХА кафедралары, орталықтары, колледждері мен өкілдіктері қауымдастығының І форумы өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған іс-шарада білім ордасы мен ҚХА арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Еңбек • 24 Қазан, 2023
Біз әріптес аға буынның кәсіби шеберлігі мен адамгершілік өнегесін көп айта бермейді екенбіз. Ойланып қарасақ, бұл – аса өзекті тақырып. Белгілі бір салада біліктілігін арттырып жүрген жастарға шеберлік сабағы десек те артық емес. Халқымызда «Аға болсаң, ақыл айт, ақыл айтсаң, мақұл айт» деген тамаша бір нақыл бар. Мұның мәні қарапайым өмірде ғана емес, кәсіби қызметте де ерекше. Яғни әрбір адам өз сласында артынан еріп келе жатқан жас буынға кәсіби деңгейде кеңес бере алуы қажет.
Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Мектептерге – автобус, құтқарушыларға – техника
Республика күнінің қарсаңында Ұлытау облысының бірқатар мектептері көптен күткен автобустарға, құтқарушылар жаңа техникаларға қол жеткізіп, мәз-мәйрам болып қалды.