Тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Бұл ретте еліміздегі жоғары оқу орындары ғылыми база болып саналады. Осылайша, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуда, этносаясатты насихаттау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы құрылған еді.
– ҚХА кафедралары 10 жыл ішінде ғылыми-білім беру, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-тәрбиелік, қоғамдық-маңызды және ғылыми-сараптамалық бағыттарды қамтитын бірыңғай жүйе құрды. Қазақстан бірлігін нығайтудың жаңа пәрменді құралдарын құру этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін институционалдық және инфрақұрылымдық базаны күшейтуге мүмкіндік береді, – деді Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
Форумда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің отандық моделін, сондай-ақ студенттер арасында толеранттылық пен бірлікті насихаттауда бірыңғай ғылыми және оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеу мәселесі кеңінен сөз болды. Осыған байланысты пленарлық сессия барысында БАҚ-та ҚХА кафедраларының мәртебесін көтеру, ғылыми-сараптамалық, білім беру және ағартушылық бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ілгерілету сұрақтары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «Этносаясаттанушы» коуч-платформасын құру идеясы ұсынылды.