Қоғам • 24 Қазан, 2023

Ассамблея кафедрасына – 10 жыл

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні мен Қа­зақ­стан хал­қы Ас­самблеясы кафед­ра­сының 10 жылдығына орай «Шаңырақ» ҚХА кафедралары, ор­талықтары, кол­ледж­­дері мен өкіл­дік­тері қауым­дасты­ғы­ның І форумы өтті. Л.Н.Гуми­лев атында­ғы Еуразия ұлттық уни­ве­р­­ситетінде ұйымдас­тырылған іс-шарада білім ордасы мен ҚХА арасында Ынты­мақ­тас­тық туралы мемо­рандумға қол қойылды.

Ассамблея кафедрасына – 10 жыл

Тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңыз­ды басымдықтарының бірі. Бұл ретте еліміздегі жоғары оқу орындары ғылыми база болып саналады. Осылайша, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуда, этносаясат­ты насихаттау бағытында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы кафедраларының қауымдас­тығы құрылған еді.

– ҚХА кафедралары 10 жыл ішінде ғылы­ми-білім беру, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-тәрбиелік, қоғамдық-маңызды және ғылыми-сараптамалық бағыттарды қамтитын бірың­ғай жүйе құрды. Қазақстан бірлігін ны­ғай­­тудың жаңа пәрменді құралдарын құру этнос­аралық келісім саласындағы мем­ле­кет­тік саясатты тиімді іске асыру үшін инс­ти­­туционалдық және инфрақұрылымдық базаны күшейтуге мүмкіндік береді, – деді Ассам­блея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Форумда қоғамдық келісім мен жалпы­ұлттық бірліктің отандық моделін, сондай-ақ студенттер арасында толеранттылық пен бірлікті насихаттауда бірыңғай ғылыми және оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеу мәсе­лесі кеңінен сөз болды. Осыған байланыс­ты пленарлық сессия барысында БАҚ-та ҚХА кафедраларының мәртебесін көтеру, ғылыми-сараптамалық, білім беру және ағартушылық бағытында ақпараттық-түсін­діру жұмыста­рын ілгерілету сұрақтары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «Этно­саясаттанушы» коуч-платформасын құру идеясы ұсынылды.