Руханият • 24 Қазан, 2019
Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген Бас кеңсесінде ұйымдастырылған дәстүрлі форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500-ден астам имам қатысты.
Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Геральдика орталығын құру ұсынылды
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Парламент • 24 Қазан, 2019
Парламент Мәжілісінде көпшіліктің көкейкесті мәселелерін көтеріп жүрген халық қалаулылары заң жобаларын жан-жақты талқылағанда өңірлердің ахуалын назардан тыс қалдырмайды. Кеше палатаның жалпы отырысында мақұлданған 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына депутаттардың ұсынысымен түзетулер енгізіліп, құжатта елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қосымша қаражат көзделді.
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Қуатты «Кировец» тракторы енді Қостанайда шығады
«Кировец» тракторының аңызға айналғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ даласындағы егіс алқаптарына келе бастаған алып трактордың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағында баламасы жоқ болатын. Қазірде де солай.
Президент • 24 Қазан, 2019
Елбасы – Цукуба университетінің Құрметті докторы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жапонияға сапары барысында Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді.