Қазақстан • 24 Қазан, 2019

Геральдика орталығын құру ұсынылды

380 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Геральдика орталығын құру ұсынылды

Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Өңір­­­лер­дің әкімдері отырыс жұмысына се­лекторық бай­­ланыс арқылы қа­тысты.

Отырысты ашқан Мемле­кет­тік хатшы өскелең ұрпаққа мем­лекеттік сана қалыптастыру, оларды отаншылдыққа тәрбие­леу жөніндегі басты идеология­лық бағыттардың түп-төркінінде мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мәселесі тұр­ғанын ерекше атап өтті.Басқосуда Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім жә­не ғылым ми­нистрі Асхат Айма­ғамбетов, Шым­кент қаласының әкімі Ерлан Ай­­­та­­ханов және Түркістан об­­­лы­­сы­ның әкімі Өмірзақ Шөкеев сөз сөй­­леді.
Мәдениет және спорт ми­нистрі А.Райымқұлова Мем­лекет басшысының мемле­кеттік рәміздер мен ведомст­во­лық наградалар саласында бер­ген тап­сырмаларының орындалуы және Республикалық ко­миссияның 2020 жылға жұмыс жоспарын бекіту тақырыбында баяндама жасады.
Министр мемлекеттік рәміз­дерді дайындайтын шетелдік кәсіпорындар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2019 жылдың 8 айында олардың импорт көлемі 3,4 млрд теңгені құраған. Осы орайда Ақтоты Райымқұлова стандартқа сай емес рәміздерді импорттауға тыйым салу қажеттігін айтып өтті. Сонымен бірге дайын өнімді шетелден сатып алатын кәсіпорындардың лицензиясын қайтарып алу қолға алынғанын хабарлады. Бұл тұрғыда комиссия төрағасы Қырымбек Көшербаев Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік рәміздерді дайындаушыларға арналған біліктілік талаптарын күшейту арқылы мемлекеттік рәміздерді елдің аумағында ғана өндірудің толық циклын қамтамасыз етуді және олардың импортына тыйым салу туралы тапсырма берді.
Мәдениет және спорт ми­нис­трі еліміздегі мемлекеттік рәміз­дерді жасап шығаратын кәсіп­орындар арасында монито­ринг жүргізілгенін хабарлады. Оның қорытындысы бойынша, лицензияланған 63 кә­сіп­орынның 29-ы ғана талап­тарға сәйкес жұмыс істеген. Сауда және интеграция министрлігіне қалған кәсіпорындардың жұмысына тыйым салу керектігі айтылды. Одан кейін министр мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мақсатында барлық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде, ЖОО-ларда мемлекеттік рәміздер бұ­рышы барын еске салды. «Де­генмен, Қа­зақстанда геральдика, вексил­ло­логиялық кешенді зерттеулер жоқ. Осыған қатысты базалар, ең­бек­тер, арнайы мектептер, тіпті ма­мандар да жоқтың қасы. Бұл ретте арнайы орталық ашу қажет­тілігі туындап отыр», деді А.Ра­йымқұлова.
Сонымен бірге министрлік тара­пынан ведомстволық награ­далардың дәрежелерін алып тас­тау, ұқсас наградаларды бірі­к­тіру, мемлекеттік ұйымдардың тақырыптық негізіне сай емес немесе мемлекеттік мекемелердің барлығына ортақ наградаларды алып тастау не біріктіру ұсы­нылды. «Мемлекеттік орган­дардың ведомстволық награда­лардың жалпы саны – 183. Оның 103-і медаль, 80-і төсбел­гі. Наградалардың ең көбі Ішкі істер министрлігіне тиесілі. Ве­домство атына 36 награда тір­келген, ал Ұлттық қауіпсіз­дік комитетінде 27 награда бар. Кейбір министрліктердегі «Үз­дік автокөлік жүргізушісі» мен «Құрметті автокөлік жүргі­зу­шісі» сияқты ұқсас наградалар көп», деді министр.
Nur Otan партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары Б.Байбек патриотизмді насихат­тау турасында сөз қоз­ғады. Оның айтуынша, Nur Otan партия­сының қолдауымен 10 қазан­да Алматы қаласында биік­ті­гі 40 метр болатын тутұ­ғыр ор­натылған. Сонымен қа­тар елі­мізде мемлекеттік туды қоғам­дық орындар­да пайдалануға, ілуге болмайды деген жалған стерео­типтің барын айтты. «Түркия­да, АҚШ-та мемлекеттік ту көше бойында, жеке аулаларда, қоғамдық орындарда ілулі тұрады. Ал бізде ол заңмен қудаланады деген қате түсінік бар. Осы орайда партия «Менің туым – менің Отаным» акциясын өткізіп жатыр. Акция негізінде мемлекеттік туымызды қоғамдық орындарда, туристік жерлерде, тіпті автобустарда ілу қолға алынды», деді Бауыржан Байбек. Сонымен бірге республикамыздағы облыс орталықтарының көбінде ту-тұғырлардын барын да атап өтті.
Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов білім жүйе­сіндегі мемлекеттік рәміз­дерді насихаттау және қолдану са­ласындағы жұмыстар туралы баяндама жасаса, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Аймұқашев мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қол­дану бойынша жұмыс тәжірибесі туралы сөз сөйледі. Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев «Сайлау жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» медалін енгі­зуді ұсынды. Оның айтуынша, биылғы Президент сайлауына 48 000 бақылаушы қатысқан. Олардың ішінде мектеп мұғалімдері де, шетелдік сарапшылар да бар. Ал бұл ұсыныс қабылданған жағдайда, Дүниежүзілік сайлау күнінде, яғни ақпан айының алғашқы бейсенбісінде табысталмақ. Қ.Көшербаев бұл тұрғыда «Геральдика орта­лы­ғын» құру керегін айтып, аталған мәселе сарапшылармен бірге талқыланатынын жеткізді.
Жиын соңында комиссия төрағасы, Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев тарапынан облыс­тар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкім­деріне Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының хатшылығымен бірле­сіп, барлық облыстар мен қала­ларда мемлекеттік рәміздер­ді насихаттау орталықтарының ашылуын қамтамасыз етсін деген тапсырма берілді.
Оған қоса Nur Otan партиясы бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» республикалық патриоттық акция­сына жан-жақты қолдау көрсетілу керектігін айтты. «Уә­кілетті органдардың, аудандық және қалалық әкімдіктердің, шал­ғайдағы ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау сала­сын­дағы жұмысына бақылау кү­шейтілсін», деді Қ.Көшербаев. Ал Ұлттық экономика ми­нис­трлігі, Сыртқы істер, Мәдениет және спорт министрліктеріне «жалпыелдік бренд» құру бойынша жұмыс нәти­жесін комиссияның келесі отырысында таныстыруды міндеттеді.
Отырыс соңында Респуб­ли­калық комиссияның төрағасы тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі, Әділет минис­­тр­ліктерімен бірлесіп мемле­кеттік органдардың ве­домстволық наг­радаларын оңтайландыру бо­йынша нақты іс-шаралар қабыл­дап, Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі ұсынған Республикалық ко­миссияның 2020 жылға арнал­ған жұмыс жоспарын бекіту жә­не орын­дау жөнінде тапсырма берілді.