Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Тұлға есімі гимназияға қалай берілді?
Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназияға биыл 30 жыл толды. Экономикалық қиыншылыққа қарамастан, 1993 жылы сол кездегі қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәденова шаһар әкіміне қалада гимназия ашу туралы ұсыныспен шығады. Бұл ұсыныс қолдау тауып, №19 мектептің қосымша ғимараты ретінде салынып жатқан нысанды гимназияға беру туралы ұйғарым жасалады да, сол кездегі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі құрылысты жедел аяқтауға кірісіп кетеді. Сөйтіп, 1994 жылы Әлия Кәмешқызы гимназия директоры болып тағайындалды. Сол жылы 1 қыркүйекте гимназия ресми түрде жұмысын бастады.
Өндіріс • 23 Қазан, 2024
Жақында «Мaker» машина жасау зауыты «АРІ Q1» халықаралық сапа сертификатын иеленді. Бұл сертификат кәсіпорынның мұнай-газ индустриясының заманауи әлемдік талаптарына сәйкес келетінін, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететінін растайды.
Білім • 23 Қазан, 2024
Жақында елордадағы қазақтың ақиық ақыны Төлеген Айбергенов атындағы мектеп 45 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. «Мектебім – шамшырағым» деп аталған іс-шараға ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, оқушылар және ақынның қыздары Махаббат пен Айнар Айбергеновалар қатысты.
Банк • 23 Қазан, 2024
Шетелдік банктерге шектеу азаяды
Елімізде шетелдік банктерді ашу жөніндегі талаптарды ырықтандыруға бағытталған түзетулерді енгізу жоспарланып отыр. Яғни шетелдік банкті ашуға рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесі қысқартылмақ. Құжаттар саны шетелдік бас компанияның рейтингіне байланысты болады.
Білім • 23 Қазан, 2024
Асқаралы Алатаудың бөктеріне орналасқан «Арыстан» мамандандырылған лицейінде бүгінде 240 оқушы білім алып жатыр. Оларға жоғары санатты мұғалімдер сабақ береді. Еліміздің барлық өңірінен іріктеу арқылы қабылданатын 9, 10, 11-сынып оқушылары шеттерінен дарынды, алғыр, қағілез десек, артық айтқандық емес. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, білімнің қайнарынан нәр алып, өнердің биігіне қанатын қомдаған талантты оқушылардың қатарында ұстаздардың бағыт-бағдар беруімен республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды бағындырғаны аз емес. Сондай-ақ ғылымға ден қойып, түрлі жобаға қатысқан оқушылардың жетістіктері жетіп-артылады. Нәтижесінде, өткен оқу жылында ҰБТ тапсырған оқушылардың орташа көрсеткіші 104 балл болғаны – айрықша атауға негіз.