Көрме • 23 Қазан, 2023
27 елден келген 238 компания. Бұл – дәстүрге айналған «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмесіне қатысушылар саны. Көрмеде агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
Аймақтар • 22 Қазан, 2023
Жергілікті қызметке басымдық берілсе...
Атырау облысының экономикасын өрге сүйрейтін саланың қатарында мұнай-газ өнеркәсібінің алатын орны айрықша. Мұнда еліміздегі «қара алтынның» басым бөлігі өндіріледі. Сол себептен, мұнайлы өңірге шетел инвесторларының қызығушылығы артып отыр. Тіпті осы салаға сервистік қызмет көрсетуге ұмтылушылар да аз емес.
Қоғам • 22 Қазан, 2023
«Қайырымдылық керуенінің» нәтижесі
Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті. Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсету, олардың қабілетін ашуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағытта биыл атқарған жұмысын қорытындыланды.
Құрылыс • 22 Қазан, 2023
Жол салу қаржыға қол салу емес
Шыны керек, жаңадан салынған жолдарда кездесетін кемшілік аз емес. Сапалы жол салу мақсатында қыруар қаржы бөлініп жатқанына қарамастан, кейде бармақ басты, көз қысты әрекеттің көрінісі байқалып тұрады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жолдардың басым бөлігінің сапасына зер салсаңыз, лажсыз күрсінесіз.
Зерде • 22 Қазан, 2023
Мұстафа Шоқайдың ғибратты жолы
Әсілі Алаштың теңдесі жоқ ұлттық идеяларын рухани негіз етіп, егемен еліміздің саяси әлеуметтік талаптарын оң түсіне отырып қана шын мағынасында саналы азаматтарды қалыптастыра аламыз.