Қоғам • 31 Қазан, 2019
Елордада 5 қарашадан бастап жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді беруге өтініш қабылданады
Жалдамалы пәтерге өтінімді 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бере алады. Өтінімдер 5 қарашадан бастап 10 қарашаға дейін қабылданады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Президент • 31 Қазан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 31 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Алматы тұрғындарының 80%-ы жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдыққа қарсы
Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ысырапшылдықпен күреспек. Осыған байланысты «жеңілдетілген ас беру мәзірін» бекітуге ұсыныс жасап отыр. Оған арнайы жүргізілген зерттеу себеп болған. Яғни, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 80 пайыздан астамы жерлеу рәсімдері кезінде кең дастархан жаю дәстүріне қарсы шыққан көрінеді.
Қазақстан • 31 Қазан, 2019
Қазақстанның ішкі нарығына 61 млн тонна көмір жеткізілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қатан Байытов Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте коммуналдық-тұрмыстық сектордың және тұрғындардың қазір көмірмен қамтамасыз етілуі жағдайын айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.