Отбасы • 21 Қараша, 2023
Сырттай тым жұпыны көрінетін сегіз үйлі Сәт ауылының адамдары жаздай бие байлап, сиыр сауып, төрт түліктен түскен табиғи таза өнімді табыс көзіне айналдырып отыр. Амангелдіден Қостанай, Арқалық, Астанаға қарай шығатын күре жолдың бойында жатқандықтан, әрі-бері ағылған автокөліктің көбі жолшыбай осы ауылға соғып, бал қымызын, жұмсақ құрт, сары май, қою қаймағы мен тәтті ірімшігін ала кетеді.
Қылмыс • 21 Қараша, 2023
Ақсу қаласында адам ұрлады деп айыпталған төрт азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ адамдарды бопсалаумен және ұрлықпен айналысқан. Жас жігіттер бұған дейін бір ер адамды ұрып-соғып, бұл іс-әрекеттерін түгел бейнежазбаға түсіріп алған. Бұл бейнежазба желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді.
Құқық • 21 Қараша, 2023
Төрт түлік малдың сүмесімен күн көрген ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – жайылым. Кейінгі жылдары кейбір ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары меншігіндегі жерді қорғаудың тиімді тәсілі ор қазу деп біледі.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Төбелес пен жанжал жиі шығатын демалыс орындары жабылуы мүмкін
Бас прокурор Берік Асылов төбелес пен жанжал жиі орын алатын мекемелерді жабуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 21 Қараша, 2023
Түркістан комитетіндегі қазақтар
1944 жылғы мамыр айының басы. Гурьев облысының аумағына түскен 14 неміс парашютисі мүліктерінің арасынан дәптер алынды. Дәптердегі жазбалар араб ғарпімен жазылған. Қолға түскен мүліктер тізімінде Әлихан Ағаевқа тиесілі қалың дәптер, жеке қолтаңбалар, легионерлер тізімі, 30 баспа парақ хаттар болған. Бұған қоса неміс тіліндегі радиобайланыс бойынша 17 баспа парақ хаттар, Дм.Доляның «Возвращение счастье» брошюрасы, қолданылған юд-шифр табылған. Екі дәптердің кімге тиесілі екені белгісіз. Қазақтың белді тұлғаларының 6 портреті мен 2 «Алаш» эмблемасы бар.