Аймақтар • 23 Қараша, 2022
Қарашаның 3-інде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтадағы апатты тергеген Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия апатқа жұмыс беруші, яғни «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кінәлі деп анықтады. Трагедиядағы жұмысшылардың кінәсі – 0 пайыз. Жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
Саясат • 23 Қараша, 2022
«Talqylau» тақырыбы – сайлау қорытындысы
«Amanat» партиясының Орталық аппаратында «Talqylau» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы партиялық алаңда бас қосқан сарапшылар кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын талқыға салды.
Саясат • 23 Қараша, 2022
Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысқан шетелдік байқаушылар саяси доданың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп отыр. Шетелдік байқаушылар жұмысын бір ай бұрын бастап, әу бастағы іс-шаралардың барлығына куә болды. Мәселен, Қазақстандағы ТМД сайлауды бақылау миссиясы қызметін 27 қазанда бастады. Онда оншақты ұзақмерзімді байқаушы жұмыс істеді. Ал сайлау қарсаңында елімізге ТМД-ның 9 мемлекетінен миссия құрамына енген 174 адам келді. Байқаушылар миссиясы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңнан астам сайлау учаскесін аралады. Олар сайлаудың тыңғылықты ұйымдастырылғанын және тыныш өткенін ерекше атап өтті.
Саясат • 23 Қараша, 2022
Адамзаттың асыл ойлы данышпаны Жүсіп Баласағұнның он ғасыр бұрын жазған осы бір сөзі ХХІ ғасырда да өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, маңыздылығы еселеп артты деуге болады. Тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына аяқ басқанда еліміз үлкен сыннан өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл іс-шараларды қолға алуы мемлекетке төнген қауіпті қысқа уақытта жойып, болуы ықтимал аса күрделі саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыстан шығуымызға мүмкіндік берді.
Қоғам • 23 Қараша, 2022
Елордада «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік ең жоғары марапат иелерінің бірлестігі «Тáyelsiz qazaqstannyń halyq batyrlary» Республикалық қоғамдық ұйымының I республикалық конференциясы өтті.