Үкімет • 23 Қараша, 2020
Асқар Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 қараша күні өткен ВАК отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Аймақтар • 23 Қараша, 2020
Жамбылда 129 ата-ана мен өзге де азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысының ювеналдық полициясының қызметкерлері 16 және 22 қараша аралығында кезекті рейдтік іс-шараларын өткізіп, шара барысында қаңғыбастығы үшін 75 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке 129 ата-ана және басқа да ересек адамдар тартылған.
Аймақтар • 23 Қараша, 2020
"Oskemenbus" қосымшасы іске қосылады
Енді автобуста сылдырлатып тиын санап жатудың қажеті шамалы. Осыдан былай Өскеменнің қоғамдық көліктері жолақыны электронды қабылдайды.
Президент • 23 Қараша, 2020
Президент Елбасы еңбек еткен комбинаттың өндіріс қуатын арттыру керек деп санайды
Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарын Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургия комбинатында түйіндеп, алпауыт кәсіпорындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 23 Қараша, 2020
Елорда дәрігерлері сирек дертке шалдыққан қызға күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін ауруға шалдыққан 7 жастағы қызға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz