Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Жамбылда 129 ата-ана мен өзге де азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

  Жамбыл облысының ювеналдық полициясының қызметкерлері 16 және 22 қараша аралығында кезекті рейдтік іс-шараларын өткізіп, шара барысында қаңғыбастығы үшін 75 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке 129 ата-ана және басқа да ересек адамдар тартылған.

Жамбылда 129 ата-ана мен өзге де азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Балаларын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін 3 ата-ана, 8 кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 7 кафе-бар және мейрамхана иелері, Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін 2 дүкен иесі және кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында болғаны және 67 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 75 заңды өкіл жауапқа тартылды. Одан басқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің басқа да баптары бойынша 44 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының есебіне 8 кәмелетке толмаған жасөспірім және 6 жайсыз отбасы қойылды. «Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығының әрдайым ерекше бақылауында. Осы топтың күнделікті жұмысы – қоғамда құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту», дейді облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының инспекторы Нүркен Абдуллин.

 

Жамбыл облысы