Аймақтар • 23 Қараша, 2020

"Oskemenbus" қосымшасы іске қосылады

719 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді автобуста сылдырлатып тиын санап жатудың қажеті шамалы. Осыдан былай Өскеменнің қоғамдық көліктері жолақыны электронды қабылдайды.

"Oskemenbus" қосымшасы іске қосылады

Ең бастысы, Шығыстың шыңылтыр аязында автобусты сарыла күтіп тұрмайсыз. 25 қарашадан бастап ұялы телефоныңызға «Oskemenbus» қосымшасын жүктеп аласыз да, жылы үйде автобусыңыздың қай жерде келе жатқанын көріп отыра бересіз. Аялдамаңызға таяды-ау дегенде шығып, мініп кете беруге болады. Бұл сіздің уақытыңызды да үнемдейтіні сөзсіз.   

Өскемен

Соңғы жаңалықтар