Қоғам • 20 Қараша, 2019
Теңдесі жоқ бірегей автомектеп
Сәлімханды кішкентай кезінен білемін. ТМД бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған мектеп-интернат қаладан шеткері орналасқандықтан көлік жалдап жетуге тура келген. Инклюзивті білім беру орталығының директоры, жаңашыл ұстаз, іскер ұйымдастырушы Шәміл Шақшақбаевты іздеп барғанда танысқан едім.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Орта тап нардың жүгін көтеруі тиіс еді...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті», деді. Иә, Президенттің бұл сөзі мемлекеттің өз халқына жасап жатқан қамқорлығының көрінісі болса, екінші жағынан еліміздегі тұрақтылық пен дамудың көрсеткіші саналуы тиіс орта таптың азайып, бұқараның арасында кедейлердің қарасы молайғанын байқатады.
Президент • 19 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Қараша, 2019
Мәжіліске Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі келді
Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі Стефан Дион мырзамен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қараша, 2019
Елордада бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтеді
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.