Тұлға • 22 Қараша, 2024
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Қазір еліміз жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Азаматтардың бойына уақыт талабына сай дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнықты. Әсіресе қоғамдық-саяси болмысымыз, қалпымыз бен мәдени кодымыз өзгере бастады. Соңғы бес жылда елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Саяси жүйе түбегейлі өзгерді. Жұртшылықтың сана-сезімінде соны бетбұрыс байқалады. Халқымыздың құқықтық мәдениеті өсті. Осының бәрі қоғам өмірінде жаңаша көрініс тауып отыр.
Аймақтар • 22 Қараша, 2024
Панфилов ауданының шаруалары ала жаздай жүгерінің жайына үңіледі. Олардың тұрмысының түзу болуы сол дәнді дақылға байланысты. Биыл әр гектардан орташа есеппен 70 центнерден өнім жиналған. Қазір ауыл қырмандарына 163 мың тоннадан астам жүгері әкелініп, жергілікті тұрғындардың қатысуымен сұрыптау, кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қырман іші «дала аруының» қызыл дәніне толы.
Кәсіпкер • 22 Қараша, 2024
Оңтүстіккореялық экономист Ха-Джун Чанг «Барлық сұрақтарға бір ғана дұрыс жауабы бар ғылым – экономика емес. Ол – әртүрлі теориялық көзқарастар бір-бірімен бәсекелесетін, нақты жағдайларға қарай бірнеше мүмкін шешімдер ұсынылатын ғылым» дейді. Плюралистикалық тәсіл экономикалық құбылыстарды жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Біз де осы көзқарасқа біртіндеп келе жатқандаймыз. Себебі «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов «bottom up» моделіне жіті назар аударып, палатаның жаңа тынысын ашпақшы.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Ел азаматтары Жаңа жылда неше күн демалады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қараша, 2024
G20: Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянс құрылады
Рио-де-Жанейрода «үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммиті аяқталды. Оған қатысушылар әлемдегі аштыққа қарсы Альянс құрып, қорытынды коммюникеде Украина мен Таяу Шығыстағы бейбітшілікке шақырды.