Фото: Оңалхан Өнерхан
21 қарашадағы түнгі ауысымда 900-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары қар тазалау жұмыстарына тартылды.
Бір күнде полигондарға 1408 рейспен 18 мың текше метрден астам қар жеткізілді.
Қалаға қалың қар түскеннен бері қаладан 43 832-ден астам рейспен 556 мың текше метр қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс тудырмау үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тарту сұралады.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз», деп ескертті әкімдік өкілдері.