2024 жылғы 21 қарашада Астанада өткен іс-шараға Ұлытау, Қарағанды, Түркістан облыстарының, Шымкент және Саран қалаларының қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.
Қатысушылар қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту және қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мәселелерін пысықтады.
Стади-тур аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы және ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Башимовпен және Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасымен кездесулер өтті. Бұл кездесулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық кеңестердің рөлі мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі ашық коммуникацияның маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шараның қорытындысында «Қоғамдық кеңестерді дамыту» жобасының нәтижелері таныстырылып, табысты тәжірибелер мен ұсыныстар ұсынылды. Бұл стади-тур қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға және азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға маңызды үлес қосты.