Білім • 16 Қараша, 2017
Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты бүгінгі заман ағымына орайластырылған озық үлгідегі инновациялық әдіс-тәсілдерді батыл енгізген білім ошағы саналады. 2016-2017 оқу жылы оның қабырғасынан қанат қағып ұшқан 37 түлектің ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жинаған орташа балы 103,3-ті құраған. 19 оқушы «Алтын белгі» мен ерекше аттестат, 27 оқушы грант иегері атанған. Біз еңселі оқу ордасының ұстаздарына жолығып, оқу-тәрбие саласында атқарылып жатқан шаралармен қоса, оларды толғантқан мәселелер төңірегінде де пікірлескен едік.
Астанада үкіметтік емес ұйымдар жұмысы талқыланды
Астанада Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері қозғалды.
Аймақтар • 16 Қараша, 2017
Тараз қаласында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірінен саналады. Жыл сайын Жамбыл облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден үздік көрсеткіш көрсетіп келе жатқан гимназия да осы. Тек қана сапалы білім беруді мақсат еткен білім ошағы бірнеше буын білімді азаматтарды тәрбиелеп шығарды.
Тарих • 16 Қараша, 2017
Леонардоның «Әлем құтқарушысы» картинасы $450 млн-ға сатылды
Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинасы Нью-Йоркте өткен Christie's аукционында 450 312 500 АҚШ долларына сатылып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Кристис аукцион үйі.
Руханият • 16 Қараша, 2017
Қазақ цирк өнерінің қарашаңырағы – «Қазақ мемлекеттік циркі» таяу уақытта жарты ғасырлық белеске қадам басқалы отыр. Еліміздің қайталанбас мәдени ошағы, мыңжылдық Алматы шаһарының көрнекті өнер ордасының іргетасын қалап, ғажайып манеж әлемінің пайда болуына, кәсіби цирк ұжымының қалыптасуына зор үлес қосқан, саналы ғұмырын сарп еткен өнер марқасқалары мен ел тұлғаларын келер ұрпақ ұмытпауы тиіс.