Оқиға • 23 Қараша, 2020
Іргесі 1888 жылы қаланған, дүние жүзіне танымал «National Geographic» атты журнал бар. Бұл басылым – ғалам назарын аударған мәдени мұралар, археологиялық жаңалықтар, жан-жануарлар әлемі мен мұхит түбіндегі тіршілік иелерінің өмірі секілді тақырыптарды қаузайды. Сонымен қатар түрлі-түсті фоторепортаж жариялайды. Журнал әлем халықтарының бірнеше тілінде жарық көреді. Құрылтайшысы – АҚШ-тағы Ұлттық география қоғамы.
Руханият • 23 Қараша, 2020
Қарағандыда тұратын қолөнер шебері Ғабит Қанатбаев Өзбекстанның Үшқұдық ауданынан осыдан он жеті жыл бұрын көшіп келген. Өзінің негізгі мамандығы – кен инженері. Алматыдағы политехникалық институтта оқып, жоғары білім алған. Алатаудың баурайында болашақ жарын жолықтырып, студент кезінде отау құрыпты. Келіншегі ол кезде Алматыдағы сауда техникумында оқыған екен.
Қоғам • 23 Қараша, 2020
Келістіріп күбі жасап, астау шапқан...
Ел ішінде екі қолға бір күрек табыла бермейді, жұмыс жоқ деген жауап кейде жатыпішер жалқаудың жалтарма сылтауындай көрінетіні бар. Көңілі қалаған істі өрістетіп, ел кәдесіне жаратып отырған ісмер азаматтардың тіршілігі былайғы жұртқа үлгі болса несі айып?!
Саясат • 23 Қараша, 2020
«Қазақ Республикасы» атауын қайтаруды ұсынды
Өткен аптада «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайы өтті. Аталған құрылтай еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты онлайн режімде ұйымдастырылып, онда партияның сайлауалды бағдарламасы, сайлауалды дайындықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі талқыланды.
Саясат • 23 Қараша, 2020
Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаған «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы қорытындыланды. 2015 жылдан бері тұрақты өткізіліп келген шараның биылғы жеңімпаздары анықталды.