Экономика • 19 Қараша, 2019
Тауар айналымына тосқауыл болмауы тиіс
Әуел бастан Қазақстанның сыртқы саудадағы әлеуеті зор әріптестерінің бірі Ресей екені мәлім. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биылғы 8 айда екеуара тауар айналымының көлемі 12,2 миллиард долларды құрапты. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда төмендеу көрсеткіш. Яғни, көрші елмен арадағы сауда қарым-қатынастарының күнгейімен қатар, көлеңке тұстары да бар.
Қоғам • 18 Қараша, 2019
«5-20-25» бағдарламасы: 5%-бен тұрғын үй алуға жеңілдікті несиені кім ала алады
Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және Қазақстан «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «5-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасының критерийлері мен шарттары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 18 Қараша, 2019
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарын қабылдады
Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Аймақтар • 18 Қараша, 2019
СҚО Полиция департаментінің музейі мерейтойын атап өтті
Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің музейіне 30 жылда 45 мың адам экскурсияда болған екен. Музей экспонаттарында терістіктегі құқық қорғау органдарының үш ғасырлық тарихы сақтаулы. Ондағы барлық жәдігерлер 5 мыңнан асады. 2015 жылы полиция музейінің жанында алғаш рет қару-жарақ бөлмесі де ашылды.
Руханият • 18 Қараша, 2019
А.В.Затаевичтің бұрын жарыққа шықпаған туындыларының таныстырылымы өтеді
22 қарашада Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер», «А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері» атты бұрын жарыққа шықпаған туындыларының презентациясын және мерекелік концертті ұйымдастырады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.