Қазақстан • 23 Қараша, 2021
Құрылыс материалдары арзандар емес
Құрылыс материалдары тоқтаусыз қымбаттап бара жатқаны талай айтылып жатыр. Елімізде олардың құны 28%-ға шарықтаған. Тиісті министрліктер, ведомство өкілдері қымбатшылықты тежеу шараларын жасап жатырмыз дегенімен, бір көтерілген бағаның түсетін түрі көрінбейді.
Экономика • 23 Қараша, 2021
Бауырлас елдер сауданы дамытуға мүдделі
Қазақстан түркітілдес мемлекеттерге сауданы дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Таяуда Ыстанбұлда Түркия мен түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық байланысқа арналған конференция өткен еді.
Футбол • 22 Қараша, 2021
Купердің қателігі, Амартидің симуляциясы
Африка құрлығында 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы тур ойындары тосын оқиғаларға толы болды. Шешуші турда Эктор Купер жаттықтыратын Конго Демократиялық Республикасы Бенинді 2:0 есебімен, Гана ұлттық құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын (ОАР) 1:0 есебімен жеңіп, бірінші орынмен Қатарға жолдама беретін соңғы іріктеу сатысына шықты. Алайда біріншісіне – бас бапкердің болмашы қателігі, екіншісіне футболшының симуляциясы салдарынан жаһандық додадан тыс қалу қаупі туып тұр.
Аймақтар • 22 Қараша, 2021
«Немеремнің сау жүргенін қалаймын»
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің пікіріне сүйенсек, әлемде коронавирус инфекциясына қарсы жүкті және бала емізетін аналар мен балаларға салуға болатын сертификатталған жалғыз вакцина бар. Бұл – Pfizer вакцинасы. Өңірде бұл вакцинаны алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрап отыр. Ал бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Оның ішінде 70 пайызында, 76 мың адамда вакцина алуға қарсы көрсетілім жоқ.
Өнер • 22 Қараша, 2021
Құрметті оқырман, мақаламызды оқымас бұрын, композитор Евгений Крылатовтың «Қанатты әткеншек» (Крылатые качели) әнін бір тыңдап алуларыңызды сұраймыз. Бұл музыка сіз бен біздің балалығымыз туралы. Пионерден Ұланға дейінгі қазақ баласының қиялын қияға алып ұшқан қылаусыз шақтың қар мен жаңбыры, жапырағы мен топырағы, жусаны мен кемпірқосағы бар. Ешқашан ескірмейтін әуен. Оның құдіреті ақын Юрий Энтиннің өлеңінде емес, сол дәуірдің тәтті сәттерін лупамен көрсеткендей көңілді қайта тербеуінде. Нәп-нәзік ностальгия дерсіз.