Білім • 20 Қараша, 2024
Назарбаев университетіндегі Жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Декандар мектебі» академиялық көшбасшы бағдарламасы бойынша еліміздегі 33 жоғары оқу орнынан келген 78 факультет деканы білім алып жатыр. Бағдарлама аясында олар сарапшылармен бірге білім беру ұйымдарын стратегиялық жоспарлау және тиімді басқару мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар стратегиялық жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыруды, қаржылық және ресурстарды басқару әдісін дұрыс қолдануды үйренеді.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Ибраһим Жайлаубек – жаңашыл жас, ізденімпаз студент. Ол сонысымен жақында «Қазақстанның үздік студенті» атанып келіп, университетіне үлкен сый жасады.
Өнер • 20 Қараша, 2024
Қара өлеңнің қаймағын қалқып, қоржынын тоғайтқан ақын, аудармашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабаның Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығы қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Алтай – Алатау арасы» атты авторлық ән-жыр шығармашылық кеші өтті. Автордың «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар», «Жанартау» жыр жинақтары, «Жарылыс» атты аударма кітабы жарық көрген. Алматының төріндегі кешке Қазақстан Жазушылар одағы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қолдау көрсетті.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Қазақ-орыс әдеби байланысы кешегі кеңес кезінде қарқынды дамып, екі ел қаламгерлерінің шығармалары оқтын-оқтын аударылып, сан мың данамен таралғаны мәлім. Сонау жылдардан бастау алған рухани бекем бірлестік қазіргі таңда да дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Мәселен, Қазақ ПЕН клубының орыс әдебиетшілерімен жасап жатқан ортақ жобаларын айрықша атап өткеніміз абзал.
Руханият • 20 Қараша, 2024
Бізге Батыс әлемін зерттеу орталығы керек
Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекеттер арасында мәдениетаралық диалог пен тарихи зерттеулердің маңызы арта түсті. Орталық Азия, соның ішінде Қазақ даласы, ғасырлар бойы көптеген Батыс әлемінің саяхатшылары мен ғалымдарының назарын аударғаны рас. Олар Орталық Азияға сапар шегіп, осы өңір туралы құнды деректер қалдырды. Жазған еңбектері біз үшін тарихи маңызды ақпарат көзі болып қана қоймай, кей ақтаңдақтарды ашуға сеп болмақ. Бірақ бұл деректер әлі толық зерттелмей, жүйеленбей отыр. Батыс әлемінің Орталық Азияға қызығушылығы өткен ғасырда, бүгін де, болашақта да маңызды бола бермек.