Қоғам • 20 Қараша, 2024

Үздік студенттің үміті

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ибраһим Жайлаубек – жаңашыл жас, ізденімпаз студент. Ол сонысымен жақында «Қазақстанның үздік студенті» атанып келіп, университетіне үлкен сый жасады.

Үздік студенттің үміті

Ибраһим Е.Бөкетов атындағы Қара­ғанды университетінің физика-техни­калық факультетінің 2-курсында оқиды. Университетте жүрген ол өнерге де жақын. Домбыра ойнайды. Күй шертіп, тебіреніп өлең оқиды.

Мұнымен қоса, Ибраһимнің ғылым саласындағы жетістіктері де жетерлік. Ол қазір жылу энергетикасы мамандығы бойынша білі­мін тереңдетіп жатыр. Әзір­леп жүрген жобалары да осы та­қы­рып төңірегінде. Оның жылу инфрақұрылымын жетілдіру мақса­тында жазған жобасы факультет дека­нының назарын аударып, марапатын алған.

– Университеттегі табыстарым жеңіске жетуіме көмектесті. Спорт­пен шұғылданғаным, өнерге де тала­сымның болғаны өз әсерін берді. Ғылым жолында көп еңбек сіңіріп, еліміз үшін маңызды жаңалықтар мен тың жобаларды әзірлегім келеді. Әсіресе өзім білім алып жатқан жылу энергетикасы саласында көп өзге­ріс керек. Соның жолында алғашқы қадамымды бастадым. Бұл марапат – маған берілген жауапкершілік. Үздік студент атану – ертеңгі үздік маман деген сөз деп те түсінемін. Сондықтан барымды саламын, – дейді үздік студент.

«Қазақстанның 100 үздік сту­денті» республикалық байқауына оқу үл­ге­рімімен ғана емес, спорт, өнер және қоғамдық жұмыстарда жоғары же­тістіктерге жеткен студент жас­тар қатысты. Бұл байқаудың бас­ты бағыты ол – жастар арасында ұлт­тық құндылықтар мен жетістік­тер­ді насихаттау. Сондай-ақ еліміз­дегі студенттердің білім, тәрбие және тұлғалық дамуының жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Осылайша олжалы оралған Ибра­һим Бауыржанұлына үздік сту­дент атағын растайтын куәлік, арнайы статуэтка, диплом мен төсбелгі табысталды.

Үздік студенттің үлкен үміті бар. Ол «өңірдегі жасыл энергетиканың дамуына өз ықпалымды тигізсем, бұл марапатқа лайық болғаным», дейді.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59