Спорт • 17 Қараша, 2019
Бокстан өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен жерлестеріміздің тізімі
Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылды
Елордада автокөліктерді қыс мезгілінде қыздыруға арналған электр станцияларын орнату бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Азия Даму Банкі (АДБ) есебінен қаржыландырылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жобаны Азия Даму Банкімен бірлесе жүзеге асырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Руханият • 17 Қараша, 2019
Ақын-жазушылар Ақтөбеде бас қосты
Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Осы мерейлі дата шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қаламгерлер Ақтөбеде бас қосты.
Қазақстан • 17 Қараша, 2019
Жеңіл автокөлік салонында жүргізушімен қоса алғанда бес адам Алға ауданының орталығына қарай бағыт алып келеміз. Басты мақсатымыз – «Егеменнің Қазақстанның» 100 жылдық торқалы тойы қарсаңында агломерация аумағына кіретін ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандармен ой бөлісу болатын. Бұл үшін жолға жалғыз шықпай, Ақтөбенің зиялы азаматтары, басылымға әркез жанашырлық танытып жүретін оның тұрақты оқырмандары. Белгілі қаламгер-журналист Жанғабыл Қабақбаев пен есімі елге елеулі азамат, қара тілден бал тамызған сарапшы-маман Түлкібай Сапаровқа бірге жүруге қолқа салғанбыз. Екеуі де тілегімізді қайтармады. Осы қатарда «Казахстанская правдадағы» әріптесіміз Жұбаныш Байғұрынов та бар еді.
Аймақтар • 17 Қараша, 2019
С.Трұмов тұрғындар сауалдарына жауап берді
«Маңғыстау» арнасында облыс әкімі Серікбай Трұмов «Әкім сағаты» бағдарламасы аясында өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы БАҚ бөлімі хабарлады. Облыс халқын толғандырған басты дүниелер – облысішілік, ауданішілік және қалаішілік жолдардың жай-күйі, жолаушылар тасымалын жүйелі ұйымдастыру мен қоғамдық көліктерді жаңарту, жаңа шағын аудандардың инженерлік инфрақұрылымын жасақтау, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі олқылықтарды жою, денсаулық сақтау саласындағы сапалы қызмет пен халықты жұмыспен қамту мәселелері әрі қаланың болашақтағы даму жоспары еді. Облыс әкімі тұрғындар тарапынан түскен түйіткілді мәселелер төңірегіндегі сауалдарға тұшымды жауап берді.