Қазақстан • 17 Қараша, 2019

Егемендіктер елге шықты

183 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Жеңіл автокөлік салонында жүргізушімен қоса алғанда бес адам Алға ауданының орталығына қарай бағыт алып келеміз. Басты мақсатымыз – «Егеменнің Қазақстанның» 100 жылдық торқалы тойы қарсаңында агломерация аумағына кіретін ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандармен ой бөлісу болатын. Бұл үшін жолға жалғыз шықпай, Ақтөбенің зиялы азаматтары, басылымға әркез жанашырлық танытып жүретін оның тұрақты оқырмандары. Белгілі қаламгер-журналист Жанғабыл Қабақбаев пен есімі елге елеулі азамат, қара тілден бал тамызған сарапшы-маман Түлкібай Сапаровқа бірге жүруге қолқа салғанбыз. Екеуі де тілегімізді қайтармады. Осы қатарда «Казахстанская правдадағы» әріптесіміз Жұбаныш Байғұрынов та бар еді.

    Бізді жарқын жүзбен қарсы алған аудан әкімі Мамырғали Аққағазов амандық-саулықтан соң, мұндағы ел-жұрттың жай-күйімен таныстырып өтті. Бұдан соң әкімдіктің мәжіліс залында газет оқырмандарымен кездесу өткізіліп, көптеген ой-пікірлердің тиегі ағытылды. Содан соң көңілге түйгеніміз биылғы жаздағы құрғақшылық ауыл еңбеккерлеріне бірқатар кедергісін келтіргенімен, олардың сағын сындыра алмапты. Сөйтіп, гектар берексін арттыру мен оның өнімділігін көбейту, алдағы жылдың егістігіне осы бастан қам жасау үшін, жер жырту жұмыстары жүйелі жүргізіліпті. Соңғы жылдары аудан аумағында төрт түлік малдың саны күрт өсіп келеді екен. Соның ішінде ірі қара мен жылқының өсімі алдыңғы орында тұрғанын білдік. Сондай-ақ Алға ауданында биязы жүнді қой өсіру бағытында да тың іс-шаралар кешені белгіленген екен.

         Журналистік іс-сапар барысында тағы бір көзіміз жеткен жәйт Алғаның газ, су және электр қуаты секілді инфрақұрылымдық жүйелерге өте жақын орналасқандығы. Сондықтан да мұнда бұл бағытта ілкімді істер жүзеге асыпты. Атап айтқанда инфрақұрылымдық жүйелер ауданның болашағы мен таяу және бұдан кейінгі жылдардағы даму преспективасын айқындай алатын негізгі фактор екеніне көзіміз жеткендей болды. Осы мүмкіндікті пайдалану арқылы аудан аумағында 450-500ден кем түспейтін тұрғын үйлер салу жобасы бекітіліп, жүзеге аса бастапты. Бұл таяу болашақта агломерациялық даму шеңберінде жүзеге асатын үлкен істердің басы ғана екенін білдік. Рас, қазіргі кезде облыс пен аудан орталығын жалғайтын автокөлік жолының ойқыл-шойқыл тұстары аз емес. Осы түйткілді аудан басшысына көлденең тартқанымызда ол бұл мәселенің алдағы кезде толықтай реттелетінін, автожол құрылысы қазірдің өзінде Ақтөбе қаласының іргесінен басталып кеткенін алға тартты.

   Сонымен бірге біз Алға ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар кешені де келісті түрде келісімін тауып жүргеніне көз жеткізіп оралдық. Әсіресе аталған аймақта аға-орта және кейінгі буын арасындағы сабақтастық пен байланыс көріністері жақсы әсер қалдырды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан елге еңбегі сіңген тыл, еңбек ардагерлеріне ұдайы қолдау мен көмек көрсетіліп жүргені де атап айтуға тұрарлықтай. Бұл жөнінде газет тілшісіне Алға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңіс Қонжарұлы айтып берді. Аудан орталығында тым жақсы жабдықталған Ардагерлер үйі бар деді ол. Жақсыны көрмек үшін демей ме? Біз кейін Ардагерлер үйіне арнайы барып, оның қызметімен танысқан едік. Осы кезде мұнда ел ардагерлерінің тынығуы мен бос уақыттарын мазмұнды өткізуіне барлық жағдайлар туғызылғанын көрдік. Шағын мәжіліс залы жасақталып, теледидар, шахмат пен дойбы тақталары бүгінгі заманғы ақпараттық-технологиялар желісі орнатылған. Ардагерлер аудандық аурухана ұжымымен жасалған келісім-шартқа сәйкес, айына екі рет медициналық текерулерден өтіп тұрады екен.

         Бұдан кейінгі жол сапарымыз Мәртөкте жалғасты. Аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы алдағы 2020 жжылы ауданның құрылғанына 85 жыл толатынына тоқтала келіп, қазіргі іс-қимыл осы мерейлі датаны лайықты түрде қарсы алуға жұмылдырылғанын жеткізді. Емен-жарқын жүздесулер кезінде көзіміз жеткен жәйт аз уақыттың аралығында өркенді өңірде әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарышты қадамдар жасалғаны.

         Бұл топырақтың ежелгі тұрғындары Қыдырбай Шудабайұлы мен Қымбат Шоқайқызының айтуынша кеңестік кезеңде Мәртөкте орыстар мен немістер өте көп тұрыпты. Тіпті елдің байырғы тұрғындары тұтастай аудан хылқының аз ғана бөлігін құраған. Әйтсе де тәуелсіздіктің елең-алаңы мен өтпелі кезеңде олардың дені өздерінің тарихи отандары Ресей мен Германияға жаппай қоныс аударған. Осынау сыртқы көші-қоның басты себебі олардың көпшілігі дәл сол тұста Қазақстанның болашағына күмәнмен қарағаны десек шындықтан ауытқи қоймаспыз.

         Кейін арада 20-25 жыл өткен соң олар өздерінің туып-өскен, тұрған топырағына келмей ме, сондай олар адам танымастай өзгерген, гүл жарып, шешек атқан Мәртөк топырағын танымай қалады. Сол кезде олар бұлай болатынына көзіміз анық жетсе, о жаққа көшпей, жылы орнымызды суытпайтын едік деп көңілдері кәдімгідей босап, көздеріне жас алыпты. Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше Ресей мен Германияға кеткен отандастарымыздың арасында Мәртөкке қайта оралып, көшіп келгендер де бар екен. Түйіп айтқанда бүгінгі Мәртөк әлемдік және Еуропалық стандарттарға жауап бере алатын тақтайдай тегіс жолдары бар құтты қоныс. Достық пен татулық мекені. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан өңірде жол бойы сервистері де кеңінен қанат жайып келеді.

      Бұған қосарымыз Мәртөк ауылшаруашылығы өнімдерін өнліріп қана қоймай, оны өңдеу жөнінен облыста тіпті тұтастай республикада көш бастап келе жатқан өңірлердің бірі екендігі. Атап айтқанда бүгінгі күні «Айс» компаниясында шығарылған сүт өнімдері елдің ішкі нарығында үлкен сұраныстарға ие болса, «Милкер» ЖШС-да таяуда өз қызметін бастайтын құрама жем өндірісі мал шаруашлығымен айналысатын агроқұрылымдар үшін таптырмас бренд болып отыр. Сонымен бірге өңірде еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілетін жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің өрісін кеңейтіп, Ресей мен Еуропа елдері нарығына шығару үшін көтерме, бөлшек сауда орындары мен бірыңғай бақылау кешенін құру қолға алынған. Осы арқылы салықтық база әлеуетін көтере түсуге де жол ашылмақ. Өзара ой-пікір алмасу барысына Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы бізді жұмы таба алмай жүрген жұмыссыздар жоқ, тек еңбек еткісі келмейтін жалқаулар ғана кездесуі мүмкін деген ойға екпін түсірді. Терең үңіле қараған адамға бұл образды түрде айтылған салмақты сөз емес пе. Тұқ етері биылғы жылды бес пайыздық экономикалық өсіммен аяқтауды мақсат тұтқан өңірде еңбекке орналастыру мен ынталандырудың бірқатар тұтқалары ойластырылыпты. Мұндай биік межеге жету үшін аудан экономикасын әртараптандыру жөнінде байыпты бағдарлама қабылданған. Мұның кейбір нәтижелері жоғарыда айтылды да. Міне, сөйтіп, іс-сапар барысында біз Алға мен Мәртөк аудандарындағы жоғарыда айтылғандай серпінді іс-қимылдарға куә болып оралдық.

АҚТӨБЕ