Қазақстан • 17 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада автокөліктерді қыс мезгілінде қыздыруға арналған электр станцияларын орнату бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Азия Даму Банкі (АДБ) есебінен  қаржыландырылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жобаны Азия Даму Банкімен бірлесе жүзеге асырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл инновациялық жобаның қоршаған ортаға жағымды әсер етіп, автокөлік иегерлерінің өмірін жеңілдететінін атап өтті.

"Жобаның мақсаты-елорданың экологиялық ахуалын жақсарту. Бұл технология автокөлік иелеріне отын тұтыну мен көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар автокөлікті жылыту үшін электр бағандарын қолдану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай қондырғылар әрбір ауданда болады. Еуропа елдері осы технологияларды қолданып жатыр, бұл фин технологиялары", - деді қала әкімі А. Көлгінов.

Азия даму банкінің президенті Такехико Накао атап өткендей, технология 2 бөліктен тұрады: 1-ші бөлігі- электростанцияның өзі, 2 - ші бөлігі-көлікте орнатылатын құрылғы. Сол құрылғы арқылы көлік электр бағанына қосылады. Такехико Накао елорда әкімдігі мен Финляндия елшілігіне осы жобаны қолдағаны үшін алғысын білдірді.