Президент • 30 Қараша, 2018
Ерлан Бекхожин: Елдің бәрін тәнті еткен ерек тұлға
Бізге сұхбат беруші Ерлан Бекхожин – есім-сойы елге белгілі жұлдызды журналистердің бірі. Қазақ қауымына қадірлі текті әулеттің түлегі. Ақпарат саласындағы жемісті жұмысы үшін алған атақ-марапаттары жетіп артылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Президент сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Кәсіби бәйгелерде қанжығасына байлаған кәделі жүлделері қаншама.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі. Бұл – тарихи таңдау күні, барша отандастарымыздың Елбасы төңірегіне топтасу күні. «Ері жоқ болса, ел жетім, елі бағаламаса, ер жетім» дейді халық даналығы. Тәубе, бізде Елін өрге сүйрейтін Ер де, азаматын құрмет тұтатын Ел де бар.
Футбол • 29 Қараша, 2018
Еуропа лигасы аясында киевтік «Динамо» клубымен кездескен елордалық «Астана» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Президент • 29 Қараша, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің қызығушылығын оятып, жігерлендіре түсті. Түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғалы бері елдік құрып, мемлекет қалыптастыру жолында талай тарихи бел-белестерден сүрінбей өтті.
Әлем • 29 Қараша, 2018
Ақтөбеде «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асуда
Ақтөбе аймағында Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы мерейлі дата құрметіне «Ауыл – ел бесігі» форумы өткізілді. Әрі осы бағытта қолға алынған өңірлік жобаның жүргізілу барысына жан-жақты талдаулар жасалып, оның кейбір алғашқы нәтижелері мәреге жетті. Осы орайда тұтастай республикамыздағы және өңірдегі бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері Алға ауданындағы Амангелді ауылында бас қосып меценаттықты ауылдарды қолдау құрал ретінде дамыту мәселелерін талқылады.