Спорт • 22 Қараша, 2021
Шавқат Карлстонға қарсы шығады
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов өзінің келесі кездесуін алдағы жылдың 5 ақпанында Гайананың өкілі Карлстон Харриске қарсы өткізеді. Қазіргі кезде көптеген БАҚ өкілдері осы бәсеке туралы жарыса жазуда. Ал сол Карлстон жайында біз не білеміз?
Білім • 22 Қараша, 2021
Студенттер үздіксіз тәжірибеден өтіп жатыр
Таяуда Алматы қалалық білім басқармасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында арнайы меморандум жасалып, педагогикалық кадрлардың үздіксіз тәжірибеден өтуіне байланысты нақты қадамдар бекітілген болатын. Университет ректоры Дархан Біләловтің айтуынша, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық жоғары оқу орны мен орта білім беру орындары арасындағы бірлескен жұмыстарды, студенттердің өндірістік тәжірибені қалай өтіп жатқандығы туралы дер кезінде біліп отыруы ынтымақтастық аясындағы маңызды шарттардың бірі.
Қазақстан • 22 Қараша, 2021
Саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеу негізі
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму үрдістері, қоғамның құқықтық жүйесінің құрылу тарихы, әлемдік кеңістіктегі рөлі, адам құқықтарын қорғау жағдайы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арқау болды.
Елбасы • 22 Қараша, 2021
Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында «Тұлғаның тылсым сыры» атты көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары қатысты. Көрме Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы бейнелеу өнерінің туындылары мен ыдыс-аяқтар топтамаларының «портреттер» тақырыптық тобынан дайындалды.
Бизнес • 22 Қараша, 2021
Кәсіпкер әйелдерді қолдайтын орталық
Әуелі әйелдердің іскерлігі мен ізденісіне байланысты цифрларды сөйлетсек. Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3 пайызды құраса, оның басым бөлігі осы саладағы жұмыс орындарының 31,4 пайызын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнеспен байланысты екен. Ұлттық статистиканың бұл мәліметі елімізде әйелдердің кәсіпкерлікті дамытуда ерлерден қалыспайтынының даусыз дәлелі.