Тұлға • 20 Қараша, 2024
Танымал спортшы, Қазақстанда таеквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік ұлтжанды, дарынды және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын біртуар азамат еді. Ол 1954 жылы қараша айының 24-і күні Түркияның Кайсери қаласына қарасты Мұсаходжалы атты шағын ауылда дүние есігін ашты. Биыл арыс азаматтың туғанына 70 жыл толды. «Көзден кетсе, көңілден болады өзге» деп бұрынғылар айтпақшы, таеквондо тарланы ескерусіз қалмасын деген ниетпен мақала жазып отырмыз.
Тұлға • 20 Қараша, 2024
Қазақ әдебиетінің классигі, сан қырлы талант иесі Бейімбет Майлиннің шығармашылық қызметінің журналистік қырына тоқталуды жөн көрдік. Ол бар саналы ғұмырын баспасөзге арнады. Бұл саладағы алғашқы қадамын болашақ жазушы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде-ақ «Садақ» атты қолжазба журнал шығаруға атсалысқаны көзіқарақты оқырманға мәлім. Бейімбет оның әрі редакторы, әрі тұрақты авторы ретінде танылды.
Аймақтар • 20 Қараша, 2024
Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызу жұмысы аяқталды. Жергілікті орман қорғау мекемелері жалпы аумағы 1,2 мың гектардан асатын аумаққа 6,8 млн көшет еккен. Мамандар жас ағаштардың өсу қабілеті арта түскенін анықтап отыр.
Талбесік • 20 Қараша, 2024
Соңғы деректерге сәйкес Оралдағы киік саны 2,8 миллионға жеткен. Мөлшерден тыс көбейіп, жергілікті фермерлерге орасан шығын келтіріп жатқан ақбөкеннің бір бөлігін көршілес Ресей аумағына өткізу қарастырылып жатыр.
Спорт • 20 Қараша, 2024
Екібастұз қаласының алты жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан Абу-Дабиде өткен халықаралық турнирде KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды. Әкесі қызы мен өзге де шәкірттерін аталған додаға апару үшін жеке көлігін сатуға мәжбүр болыпты.