Тағайындау • 17 Қараша, 2023
«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды
Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қараша, 2023
АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты
Тікұшақ таксиді «Джоби Авиэйшн» компаниясы құрастырған. Электр қуатымен жұмыс істейтін әуе таксиі Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы тікұшақ алаңында сынақтан өтті, деп жазады Egemen.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қараша, 2023
Мәулен Әшімбаев Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты
Қырғызстанға сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Жиын барысында Мәулен Әшімбаев ұлы жазушының шығармашылығын екі халықтың «алтын көпірі» деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қараша, 2023
Абай облысының дәрігерлері қызылшаға қарсы вакция алуға шақырды
Абай облысы бойынша қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Семей қаласында - 44, Аягөз ауданында - 12, Үржар ауданында - 11 және Жарма ауданында - 8 факті анықталған. Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 17 Қараша, 2023
«Елдіктің кепілі – жер». Алаш қайраткерлерінің жер туралы нақыл сөздері
Жерсіз ұлттық мүдде құндылықтары қалыптаспайды. Қазақтың сан ғасырлық тыныс-тіршілігі жерге тығыз байлаулы. Ұлтымыздың өркендеуі жөніндегі сан сауал ел мен жер тағдыры төңірегінде өрбіген. Себебі қазақтың барлық өмірі, байлығы, тарихы, дәстүр тәжірибелері, ұрпақ болашағы жерді қорғаудан, бір қарысын жоғалтпай болашаққа аманаттаудан құралады. Дана халқымыз қасиетті жерді «анаға», «Атамекенге» балаған. ХХ ғасыр басында да қазақ даласы, қазақ баласы жер жайындағы мәселелермен жиі бетпе-бет келіп отырған. Соның ішінде Алаш қайраткерлері өз еңбектерінде тығырықтан шығар жолды нұсқап отырған. Осы орайда Алаш қайраткерлерінің жер туралы жазған жазбаларынан үзінді ұсынамыз.