Қазақстан • 13 Қараша, 2017
Астанада «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты конференция өтті
Биыл азаттық жолында арпалысқан арыстардың ұлты үшін саяси шешім қабылдап, азаттық аңсарына қол созған сәтіне 100 жыл толып отыр. Соған орай, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бірлесіп «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Маңызды жиынды ашып сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.
Қазақстан • 13 Қараша, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің екінші тынысы ашылды. Үш ай жазда инновациялық техника мен жаңалықтың алаңына айналған халықаралық мамандандырылған шара енді туристік аумаққа айналады.
Аймақтар • 12 Қараша, 2017
ОҚО әкімі бокс саңлақтарымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде өтіп жатқан бокстан республикалық біріншілік қарсаңында сала саңлақтарымен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бокс • 12 Қараша, 2017
Бокстан Қазақстан чемпиондары анықталды
Бүгін Шымкентте аптаға созылған бокстан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
Аймақтар • 12 Қараша, 2017
«Дипломмен ауылға!» Лебяжі ауданына 48 жас маман келді
Облыстағы бұл ауданға әр жыл сайын оқу бітірген жас мамандар келуде. Бұл күндері ауданда 42 мұғалім, 6 дәрігер қызмет етуде. Аудан әкімдігі жас педагогтарға бір реттік қолдау ақылары төлесе, 25 маманға 66,5 миллион теңге бюджеттік несие ұсыныпты.