Аймақтар • 12 Қараша, 2017

«Дипломмен ауылға!» Лебяжі ауданына 48 жас маман келді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы бұл ауданға  әр жыл сайын оқу бітірген жас мамандар келуде. Бұл күндері  ауданда 42 мұғалім,  6 дәрігер қызмет етуде. Аудан әкімдігі жас педагогтарға бір реттік қолдау ақылары төлесе, 25 маманға 66,5 миллион теңге  бюджеттік несие ұсыныпты.

«Дипломмен ауылға!» Лебяжі ауданына 48 жас маман келді

Аудандық бюджеттен 6 дәрігерге 500 мың теңгеге грант табысталды. Аудан орталығы  Аққулыға  аудандық ішкі саясат  бөлімінің хабарынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында салынған 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 32 миллион теңге қаражат бөлініпті. 

Мәдина Айтқұлова, Сағади мен оның жұбайы  Еркежан Әкімбековтердің отбасы,  Айдос  Нұрбековпен  Ұлжан  Төлебаевалардың дәрігерлік  отбасылары үй алды. Дәрігерлермен бірге  Аққулыдағы «Өнер» мектебіне қызметке келген Мәншүк Қадысоваға,  аудандық балалар үйінің тәрбиеленушісі Юрий Сургутановқа да  бір бөлмелі пәтер берілді. Жаңа пәтерлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Жастар үшін  барлық жағдай жасалыпты.  

Жалпы, өңірде биылғы жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 151 жас маман ауылдарға  барады деп жоспарланған-ды. Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру бойынша бюджеттен 513,9 миллион теңге бөлу де қарастырылды

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10