Оқиға • 20 Қараша, 2020
«Ақиқат» жеңімпаздары анықталды
«Ақиқат» пікірсайыс клубы колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогы жолында онлайн-турнир өткізіп, жарыс жеңімпаздарын анықтады.
Сұхбат • 20 Қараша, 2020
Тиіспе. Не трогай. No Harassment
Жуырда іске қосылған «Тиіспе» жобасы әйел құқықтарын қорғауға және жұмыс орындарында қандай да бір кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған. Мұндағы мақсат – Қазақстандағы адам құқықтарын, оның ішінде әйел құқықтарын қорғау, әсіресе жұмыс орнындағы тиісуге яғни харассментке, жол бермеу. Бастаманың авторы заңгер Әйгерім Ермекбайды сөзге тартып, жобаның мән-маңызы жайында сұрап білдік.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Жыныстық бопсалау – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, кемсітудің бір түріне жатады. Әйтсе де екінші жақтың қарсылығына қарамастан, жақындасуға емеурін танытып, қырындау дәл біздің қоғамда қалыпты саналатын нәрсе. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан заңнамасында жыныстық бопсалау ұғымы жоқ болғандықтан да әйел құқығы жиі бұзылып жатады.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Орталық Азия ақындары жырлайды
FemAgora қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Орталық Азия әйел ақындарының жинағы жарық көрді. Әйел ақындарды таныстыруды, танымал етуді мақсат еткен мультимедиалық жоба Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр.
Футбол • 20 Қараша, 2020
Ұлттар лигасындағы соңғы тур ойынын Алматыдағы Орталық стадионда Литва құрамасымен өткізген Қазақстанның футболшылары бұл жолы да өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Кездесуді жап-жақсы бастаған жерлестеріміз кездесудің соңғы секундтарында өз қақпасына гол жіберіп алды. Шыны керек, маусым соңында біздің жігіттер дәл осылай сүреңсіз өнер көрсетеді деп ойлаған жоқ едік.