Жыныстық бопсалау – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, кемсітудің бір түріне жатады. Әйтсе де екінші жақтың қарсылығына қарамастан, жақындасуға емеурін танытып, қырындау дәл біздің қоғамда қалыпты саналатын нәрсе. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан заңнамасында жыныстық бопсалау ұғымы жоқ болғандықтан да әйел құқығы жиі бұзылып жатады.

Жыныстық бопсалау фактісін қалай дәлелдеуге болады? Неліктен Қазақстанда жыныстық бопсалауға қарсы тиімді заңнама жоқ? Заңнамалық реттеу не үшін қажет? Жыныстық бопсалау үшін қандай жаза күтіп тұр? Осы және өзге де сұрақтар «Қазақстандағы жыныстық бопсалау үшін жауапкершілік: Әйелдер неге үндемейді?» тақырыбында өткен онлайн-конференция барысында талқыланып, бүгінгі қоғамда белең алып отырған мәселе жайында сөз қозғалды. Мәселен, Қылмыстық кодекстің кейбір жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін 123-бабы бойынша 20 жыл ішінде тек 87 іс тіркелген. Іс жүзінде зардап шеккендер арасында балалар, жасөспірімдер, ересек адамдар, жас қыздар мен үлкен әйелдер, жынысы мен жасына қарамастан, ұлтына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ер адамдар да болуы мүмкін.
«Кез келген ауыр қылмыс пен зорлық-зомбылық қырындау, қудалау мен бопсалаудан басталады. Қысым көрсету – зорлыққа жасалған алғашқы қадам. Бірақ Қазақстанның заңнамасында жыныстық бопсалау ұғымы жоқ. Сондықтан жәбірленушілер өзін қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Құқықтық реттеудің жоқтығына байланысты жыныстық бопсалау фактілерін дәлелдеу де өте қиын», дейді ұйымдастырушылар.
«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен өткен конференцияға қатысқан жетекші құқық қорғаушы мамандар, заңгерлер, экономистер, журналистер, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қазақстандық университеттер, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындардағы сексуалды қысым жағдайларына тоқталып, зерттеу нәтижелерін ұсынды. Құмарлық көкейін тесіп, қарапайым этиканы ысырып қойғандардың кесірінен қыз-келіншектер түрлі психологиялық күйзеліске ұшырап жатады. Сондықтан белсенділер әйел адамның әлеуметтік ортадағы мәселелерін тек заң арқылы ғана реттей алатынымызды айтады.
Халида Әжіғұлова,
адам құқықтары жөніндегі заңгер:
«Қазақстан ІІМ ресми статистикасы бойынша, 123-бап тәжірибеде өте сирек қолданылады. 20 жыл ішінде, 1998-2018 жылдар аралығында тек 87 іс тіркелді. Барлық тіркелген істердің тек 30-ы ғана сотқа жіберілген. Оның ішінде 25 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды, бірақ бірде-бір адам бас бостандығынан айыру жазасына кесілген жоқ. Аталған бап тиімсіз, заңнамалық тұрғыда әлі де жетілдіруді қажет етеді».
Құндыз Өтебекова,
адвокат:
«Жыныстық қысымның құрбандары қылмысты дәлелдеудің күрделілігіне байланысты сотта өз құқықтарын қорғауға дайын. Қылмыстық құқықбұзушылық ретінде Әкімшілік кодекске және Қылмыстық кодекске бірдей өзгеріс енгізуді ұсынамын. Қылмыстық құқықбұзушылықтар сотталмағандығы туралы анықтамада көрсетілмейтін болғандықтан, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу үшін қосымша шаралар енгізу қажет».
Жангелді Сүлейменов,
заңгер:
«Алдымен біз талқылап отырған терминнің тұжырымдамасын анықтап алуымыз қажет. Мәселен, «харассмент» сөзін аудармай қолданған жөн, өйткені «жыныстық қысым» сөзі бастапқы мағынасын бұрмалап жібереді. Сондай-ақ өркениетті ел Қазақстан үшін Еуропа кеңесінің «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы» конвенциясын ратификациялауы қажет. Шетелдік юрисдикцияларда қазақстандық заң жобасына қарағанда сәл өзгеше анықтама берілген».
P.S.Құқықтық сауаттылық деңгейі төмен әрі қасаң ұғым-түсініктер әлі де бар қоғамда әйелдер құқығы жиі бұзылатыны белгілі. Сондықтан мемлекет қайткен күнде өз азаматтарын жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау жүйесін қамтамасыз етуге міндетті. Оның ішінде ашық деректер балалар мен әйелдер қорғауға, қолдауға өте мұқтаж екенін көрсетіп отыр.
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Кеше
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Кеше
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Кеше
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Кеше
Видео • Кеше
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Кеше
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Кеше
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Кеше
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Кеше
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Кеше
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Кеше
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Кеше
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Кеше
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Кеше
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Кеше
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Кеше
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Кеше
Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған
Қазақстан • Кеше
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар