Спорт • 16 Қараша, 2023
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 463 балуан бақ сынады.
Сұхбат • 16 Қараша, 2023
Бауыржан Тахауов: Иран құрамасын еңсеру мүмкін болмады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Азия параойындарында отырып ойнайтын волейбол спортынан ұлттық құрама күміс медаль олжалады. Мақсатты меже – Азия параойындарының алтын жүлдесі еді. Бауыржан Тахауов бастаған бапкерлер жігіттерді жани отырып, 1994 және 1998 жылдары жеткен жетістікті қайталауға барын салуға сендірген, бірақ бұйырмады. Білікті маман Жәнібек Сауранбаев баптаған жылдары отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама ойыншылары (сол кезеңде командада Бауыржан Тахауов та ойнады – ред.) чемпиондық тұғырға екі мәрте көтерілді. Міне, содан кейін арада 25 жыл өткенде жазғы Азия параойындарының финалына шығып, азуы алты қарыс, даңқы жер жарған Иран құрамасына есе жіберді. Ендігі дода – келесі жылы өтетін Париж жазғы паралимпиадасы. Бас бапкермен дидарласып, Азия параойындарында жігіттердің қандай қайрат қылғанын, не жетіспегенін сұрадық.
Шымкент • 16 Қараша, 2023
Қайта түлеген Фосфоршылар сарайы
Көп жылдан бері қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен бұрынғы Фосфоршылар мәдениет үйі енді Жастар сарайы ретінде халыққа қызмет етеді. Қуанышты хабарды Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.
Спорт • 16 Қараша, 2023
Күні кеше Ресейдің тағы бір дарынды спортшысы ресми түрде Қазақстан азаматтығын алды. Ол – мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.