Шаһар басшысының айтуынша, жергілікті әкімдік қалалық прокуратурамен бірге, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің көмегімен мәдениет үйін мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жөнінде арнайы жоспар дайындаған. Сөйтіп, биыл 13 қарашада Фосфоршылар мәдениет үйін коммуналдық меншікке қайтару бойынша келісімге қол жеткізген.
Сонымен ескі мәдениет үйі кешенді Жастар сарайына айналады. Алдағы уақытта ғимарат бастан-аяқ күрделі жөндеуден өтіп, айналасы абаттандырылып, мегаполисте тағы бір жастарға арналған мәдениет ошағы бой көтеретін болады.
Өз кезегінде Фосфоршылар сарайы қаланың ең көрікті нысандарының біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», деді шаһар басшысы әлеуметтік желіде жазған жазбасында.
Жалпы, бірнеше жыл қараусыз қалған, мегаполистің шешім күткен басты мәселесінің бірі болған Фосфоршылар мәдениет үйі бүгінге дейін «Дархан групп» серіктестігінің меншігінде болып келді.
ШЫМКЕНТ