Спорт • 16 Қараша, 2023

Қазақстан азаматтығын алды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Ресейдің тағы бір дарынды спортшысы ресми түрде Қазақстан аза­маттығын алды. Ол – мәнерлеп сыр­ғанаушы Софья Самоделкина.

Қазақстан азаматтығын алды

16 жастағы Софья Мәскеуде дүниеге келді. Мәнерлеп сырғанаумен бес жасынан айналысады. Әр жылдары Лиллия Биктагирова, Сергей Давыдов, Александра Кравовадан тәлім алды. Бұл күндері ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және екі дүркін күміс жүлдегері, әлемнің үш және Еуропаның жеті дүркін чемпионы Евгений Плющенконың қол астында жаттығып жүр. Самоделкина – жас­тар арасында Словения Гран-приі мен Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері, ел кубогі мен Бірінші арна кубогінің иегері, Ресей Гран-приі мен Денис Тен мемориалының жеңімпазы.

Қазіргі кезде осы мәселеге байланысты отандық мамандардың пікірі екіге жарылды. Біреулер «келімсектердің бізге қажеті жоқ» десе, енді біреулер «аса дарынды жас Қазақстан спортының абыройын асқақтатуға өзіндік үлес қосатыны анық» деп оған барынша қолдау білдіріп жатыр.