Қазақстан • 10 Қараша, 2017
Жаңажылдық шырша көрме аумағына көрік береді
ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастайды. Енді халықаралық шараның символына айналған сфера – «Нұр Әлем» павильоны, Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды төрт нысан Астана қонақтарына қызмет көрсететін орын ретінде қайта ашылмақ. Салтанатты шараға орай елорда тұрғындары мен меймандары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.
Футбол • 10 Қараша, 2017
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл жанкүйерлерін қуанта алмады. Еліміздің басты командасы іріктеу турнирін өте сүреңсіз өткізді. Алты команданың ішінде 6-орын алды. Александр Бородюк баптайтын құрамамыз 2017 жылды қандай нәтижемен қорытындылайтыны белгілі. Енді ФИФА жолдастық кездесулерге белгіленген мерзімде ойын өткізуге қарсылас таппай отыр.
Спорт • 10 Қараша, 2017
Азия чемпионаты: 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
Вьетнамның Хошимин қаласында өткен бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді.
Әдебиет • 10 Қараша, 2017
Алғаусыз көңіл, аңқылдақ пейіл жырлары
Бүгін шығармашылығы туралы аз-кем сөз еткелі отырған Нұрлан Қалқаның өзіне тән ерекшелігі бар. Оның өлеңдерін оқып, түсіне білген оқырман ең бірінші тап-таза сезім тамшыларынан жиналып, жүрегіне шүпілдеп толып тұрған мөлдірлікті байқайды.
Руханият • 10 Қараша, 2017
Қазір қоғамды көп жамандаймыз. Әсіресе адамдарда бауырмалдық азайды, жұрт қатыгез болып барады дегенді жиі айтамыз. Бұл пікірмен келіскің де келеді, кейде келіспейсің де. Қазір жұрттың көзі жақсылықтан гөрі жамандыққа көбірек түседі. Әйтпесе бауыры үшін жанын берер азамат аз ба? Бәлкім, азайса азайған шығар, бірақ алдымен соларды көрейік те.