Әлем • 21 Қараша, 2022
Мәскеуде гүл қоймасынан өрт шығып, 6 адам қайтыс болды
РФ астанасындағы Комсомол алаңында орналасқан гүл қоймасынан өрт шығып, салдарынан 6 адам қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 21 Қараша, 2022
Мемлекет өміріндегі маңызды қадам әлем жұртшылығының назарынан тыс қалмағаны белгілі. Сайлау барысын бақылайтын шетелдік сарапшылардың саны мен сапасы саяси науқанның салмағын арттырып, процестің ашық та еркін, барынша әділ өтуіне әсер ететіні анық. Дауыс берушілердің басым бөлігі тұратын алып мегаполис Алматыда шетелдік байқаушылар белсенді жұмыс істеді.
Сайлау • 21 Қараша, 2022
16 сағатқа ұласқан телемарафон
Кезектен тыс президент сайлауына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Біздің ел – біздің таңдау!» деген айдармен 16 сағаттық телемарафон ұйымдастырды. Іс-шара таңғы сағат 9-дан басталып, түнгі 1-ге дейін жалғасты. Телемарафон алаңында ел ағалары, депутаттар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері, белсенді жастар жаңа да әділетті Қазақстан құрудың тетіктерін талқылады.
Коронавирус • 21 Қараша, 2022
Сайлау күні қанша адамнан коронавирус анықталды?
Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 38 адам коронавирус індетін жұқтырған. Ауру белгісі бар 2 адамның ПТР нәтижесі теріс, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 21 Қараша, 2022
Елдегі сайлауды 641 халықаралық байқаушы қадағалады. Оның 532-сі – 10 халықаралық ұйымның өкілі. Сондай-ақ әлемнің 35 мемлекетінен 109 байқаушы арнайы келді. 38 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстаннан тікелей хабар таратты. Бұл ретте Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығы жұмыс істегенін атап өткен жөн. Шетелдік байқаушылар президенттік сайлау ашық әрі әділ өткенін айтып, ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға берді.