Оқиға • 20 Қараша, 2020
Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде төрт мың жылдан бері тұрақты тұрып жатыр. Мұның физикалық антропологияға негізделген нақты ғылыми тұжырымдардың негізінде ғылыми тұрғыдан толық дәлелденгені қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабында баяндалады. Бұл еңбекте тұңғыш рет қазақ халқының көпсалалы, кешенді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктері ауқымды деңгейде зерттелген.
Руханият • 20 Қараша, 2020
Әлемдегі ең үлкен домбыра Гиннес рекордтары тізіміне неге бірден енбей қалды?
Арғы беттегі қандастарымыз – Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысының Құлжа ауданының Әулие ауылында тұратын ағайынды домбыра жасау шеберлері Бақытнұр Арынғазыұлы мен інісі Бақыткелді Арынғазыұлы ұзындығы 7,5 метр, қақпағының ұзындығы 2,80 метр, ені 1,80 метр, қалыңдығы 90 сантиметр, мойнының ұзындығы 3,5 метр, басы 1,20 метр, салмағы 200 кило болатын, әлемдегі алып домбыраны жасап шықты.
Руханият • 20 Қараша, 2020
«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында соңғы жылдары жаңадан 300-ден астам нысан анықталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын дәріптей отырып өркениетті қоғам құруға, ұлт ретінде дамуымызға бағытталған концептуалды құжат.
Ғылым • 20 Қараша, 2020
Кәкімжан Сарханов: «Сұранысқа ие өнім шығаратын орта құру керек»
– Кәкімжан Ахмеджанұлы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін ұлғайтуымыз керек» деді. Мұның аграрлық секторға тигізетін ықпалы қаншалықты болмақ? – 1980 жылдары елімізде суармалы жер көлемін он жылда екі есеге арттырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында шартты мал басы 94,8 млн-ға жетті (бүгінде 45,0 млн деңгейінде), жылына 350 мың тонна ет экспортталды. Мен ертеректе Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына басшылық жасаған кезде аймақта 2000 гектар суармалы жер көкөніс, картоп, мал азығы өсімдіктер өсіруге пайдаланылды. Ол кезде энергоресурстар (су, электр энергия) бағасы төмен де тұрақты болды. Пайдасы ұшан-теңіз болды деп айта аламын.
Білім • 20 Қараша, 2020
Балабақша – жаңартылған білімнің бастауы
Биыл еліміздегі орта білім берудің мазмұны толығымен жаңартылды. Жаңартылған білім беру заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеудің алғышарты болып тұр. Ал осы бағыттағы атқарылған істер нәтижелі болу үшін жаңартылған білім мазмұнына сәйкес тәрбиелеу мен оқытуды балабақшадан бастау керек. Себебі мектепке дейінгі білім – барлық білім беру жүйесінің іргетасы.