Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Осыдан бір жыл бұрын Екібастұздағы жылу-энергия орталығында болған апатқа байланысты сот үкімі шықты. Былтыр қарашаның 26-сынан 27-сіне қараған түні болған жүйелі апаттың салдары әлі күнге дейін толық жойылмаған.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Португалияның Албуфейра қаласында кикбокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Пиреней түбегінде 70 мемлекеттен келген 573 спортшы күш сынасты.
Инвестиция • 29 Қараша, 2023
Инвестиция – өңір дамуының өзегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру, аумақтық даму жолында әр өңірдің бәсекелі артықшылығын ескеру қажеттілігі, өңірлерді дамыту ісіне қатысты тың тәсілдер еліміздің дамуы үшін өте маңызды екені айтылған еді. Сондай-ақ Президент инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керектігін, әрбір аймақ өзінің әлеуетін ескеріп, инвестиция бағыттау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Құқық • 29 Қараша, 2023
БҰҰ мәліметінше, жаһанда жыл сайын 45 мыңнан астам әйел ерінің қолынан қаза табады. Ал 736 миллион нәзік жанның 3/1-і жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл мәліметтер Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Бала денсаулығына – айрықша назар
Елімізде қызылша дерті күрт өскені мәлім. Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қызылша сырқатына қатысты мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Отырыста автожол саласын дамыту шаралары да талқыланды. Сондай-ақ тауар биржаларын дамыту мәселелері де қайта пысықталды.