Аймақтар • 09 Қараша, 2017
Павлодардағы жаңа емхана жас дәрігерлермен толықты
Облыс орталығындағы 2011 жылы ашылған №4 емхана Усолка шағын ауданында орналасқан. Бұл ауданның өзі бір қалашыққа айналған, аумағында Ертіс өзенінің жағасында бірінен соң бірі бой көтерген көп қабатты үйлер, Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық балалар ауруханасы, кардиохирургиялық орталық, №25 мектеп, балабақшалар мен сауда орталықтары бар.
Аймақтар • 09 Қараша, 2017
Атасу кентінде инклюзивті білім беру орталығы ашылды
Жуырда Атасу кентінде инклюзивті білім беру әдістерімен жұмыс істейтін дамыту орталығы ашылды. Мұнда қарапайым және ерекше балалар бірге тәлім алады. Әлеуметтік жоба жекеменшік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Аймақтар • 09 Қараша, 2017
Бекет атаға апаратын «Ата жолы» халық игілігіне ұсынылды.
Бекет атаның басына зиярат етуге ниетті адам көп болғанмен, олар екі аралықтағы жолдың қиындығын да еске алмай қоймайтын. Десек те, бұл ата басына барушылардың санына кері әсер еткен жоқ, қай жылда да, қай кезеңде де алыстағы Оғыландыда жатқан Пір атаның басына зиярат етушілер саны азайған емес.
Қазақстан • 09 Қараша, 2017
Қазақстандық тілшілер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысымен танысты
Бір топ отандық тілшілер «Қазақстандық БАҚ-тардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысын жария етудегі әлеуетін күшейту» жобасы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барып, еңселі ұйымның жұмысымен танысып қайтты. Бес күндік семинарды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Хатшылығы мен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Аймақтар • 09 Қараша, 2017
"Ембімұнайгаз" медиа-тур ұйымдастырды
Жер қойнауын игеруші компания ретінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы – мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан отандық кәсіпорынның бірі.