Аймақтар • 09 Қараша, 2017

"Ембімұнайгаз" медиа-тур ұйымдастырды

507 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жер қойнауын игеруші компания ретінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы – мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан отандық кәсіпорынның бірі. 

Компания жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттың талабына сай, 2017 жылы Атырау облысының әлеуметтік инфра­құрылымын дамыту және қазақстандық мамандарды  оқыту  бағытындағы өз міндетін толықтай  орындап отыр. 

Компания аудандарға ұйымдастырған  медиа-турдың мақсаты да нәтижесін тапқан жұмыстарды жұртшылыққа кеңінен жеткізу.

Қызылқоға ауданы

3 күнге жоспарланған медиа-турдың алғашқы күні Қызыл­қоға ауданындағы ірі ауылдардың бірі – Сағыз селосынан бастал­ды. «Ембімұнайгаз» АҚ 7 650 халық тұратын Сағыз селосындағы 2 пәтерлі 4 үйдің құрылысына қаржы­лай көмек көрсетті. Жаңа бас­паналар әлеуметтік жағынан аз қам­­тылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шек­­теулі жандарға, сонымен қатар үй кезегінде бірнеше жыл тұр­ған ауыл тұрғындарына берілді. Солар­дың бірі – 73 жастағы кейуана Ару Шелтеуова былай дейді:

– Ұлым мен келінім аяқасты­­­нан қайтыс болды. Артында кәме­лет жасқа толмаған жеті бала қалды. Немерелеріммен бірге бірнеше жыл қатарынан ескі үйде тұр­дық. Облыс­та қатты нөсер жауын бол­ға­нын біле­сіз­дер, сол толаста­­май жауған жауын­нан ескі баспа­намыз тұруға мүл­дем жарамсыз болып қалды. Жарат­қа­ны­­мыз ті­легімізді естіп, міне, «Ембі­мұ­найгаз» ұжымы демеушілік етіп осын­дай су жаңа пәтерге қол жет­кіз­дік. Ембі­лік мұ­най­­шыларға біз сияқ­ты қара­па­йым адамдардың жағ­да­йын ойлап, осындай тамаша пәтер салып бергендері үшін мың алғыс! 

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Тасшағыл ауылын да «Ембімұнайгаз» АҚ назардан тыс қалдырмады. 

Бұл ауылда 100 орындық «Жазира» бөбекжай балабақшасы салын­ған. Осы ауылдың бұрынғы бала­бақ­шасы ескі, тар, небәрі 13 орын­дық болған екен. Жаңа бала­бақша толық жабдықталған, ойын және спорт бөлмелері, жатын және ас үй бөлмелерімен қамтылған. 
Ал осы балабақшаның жас маманы, дене тәрбиесі нұсқаушысы болып қызмет атқаратын Алтын­бек Берікбайұлы балабақша ашыл­ғанға дейін вахталық әдіспен маман­ды­ғына еш қатысы жоқ қызметте бол­ған. Балабақша ашылған соң туған ауылында мамандығы бойынша жұмыс тапқан.
Ата-аналар да балаларының заман талабына сай келетін бала­бақшада тәрбиеленіп жатқа­нына дән риза.

Сонымен қатар осы ауылда екі пәтерлі бір үйдің құрылысы жақында аяқталып, пайдалануға берілген. Қазір осы үйлерде тәрбие­сінде мүгедек баласы бар отбасы мен жергілікті учас­келік инспектор қоныстанған. 

Мақат ауданы

Пресс-турдың келесі аялдамасы  Мақат ауданы Доссор посел­кесі болды. Бұл поселкеге «Ембі­мұнайгаз» АҚ қаражаты­на 300 орындық жаңа мек­теп салынды. О.Сар­­ғұнанов атын­дағы мектептің бұрын­ғы ғимараты 1964 жылы салынып, бүгінде тозы­­­ғы жеткен. Жаңа мек­теп­тің құ­рылысы толығымен аяқ­та­лып, 2017 жылдың қаңтар айын­да пай­далануға берілген. Тек орыс тілін­де білім беретін мектеп жаңа заман­ғы құрылғылармен, интерак­тивті тақталы сыныптармен, кең акт залымен қатар түрлі пән және үйір­ме сыныптарымен жаб­­дық­тал­ған. Сонымен қатар мек­тепал­ды даяр­лық тобы да жұмыс істейді. 

Исатай ауданы

Исатай ауданының бірнеше елді мекендеріндегі әлеуметтік құры­лыс­тарға компания демеушілік етіп келе­ді. Тұщықұдық ауылындағы «Құлын­шақ» балалар бақшасына қосымша 50 орынды жапсаржай (пристройка) салынды. Бұл жап­саржайдың арқасында бала­ларға жаңадан жатын бөлмелер мен ойынжайлар беріліп, Атырау облысында теңдесі жоқ Монтессори сыны­бы ашылған. Бұл сыныптың ерекше­­лі­гі – тіл мүкіс­тігі бар балаларға сау­сақ ұшы жаттығу­лары мен ойындары арқылы тіл мүкістігін жоюға мүмкіндік береді.

Соңғы аялдама Жанбай селосы болды. Бұл селодағы 200 орындық мәдениет үй Компанияның қара­жатына салынған. Екі қатар­­лы әсем ғимаратта демалыс күн­дері балаларға мультфильмдер мен көркем фильмдер көрсетілсе, сабақ­тан тыс уақытта түрлі үйірме­лер жұмыс істейді. Мәдениет үйі бас­шылығының айтуынша, бола­шақта өзге үйірмелер, спорт секция­лары мен әжелер ансамблін құру жоспарда бар екен. 

«Ембімұнайгаздың» игі істері жалғасын таппақ

Компания АҚ ретінде құрыл­ған 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облысының инф­ра­құрылы­мын дамытуға шама­­мен 2,3 млрд теңге, республика­­лық және жергілікті бюджетке са­лық есебінде 654 млрд теңге және де­­меу­­шілік пен қайырымдылық ретін­­де 2 млрд қаражат бөлді, деді БАҚ өкілдеріне ұйымдастыр­­ған үш­күндік пресс-тур аясында бас­қарма төрағасының экономи­ка және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

Компания мұнайлы өңірлер­дің инфрақұрылымының дамуы­на үлес қосумен қатар, келісімшарт міндеттемелеріне сәйкес қазақ­стан­дық мамандарды қайта даярлауға және қазақстандық студенттердің жоғары және арнаулы орта оқу орын­дарында білім алуларына қара­жат бөліп отыр. 
Қазақстандық студенттерді дайындау бағдарламасы: 

- студенттердің оқу ақысын төлеу;

- дуалды оқу бағдарламасы;

- стипендия төлеу бағдарламасы;

- студенттердің өндірістік практикадан өтуі бағыттары бойынша жүзеге асуда. 

Студенттердің оқу ақысын төлеу бағдарламасы бойынша соң­ғы 4 жылда 780 студент­тің оқу ақы­сы төленді. 

Бұл орайда ескеретініміз, студенттер қатарының азая түсуі оқу ақысының жыл санап өсуіне байланысты түсіндіріледі. 

Дуалды оқу бағдарламасы бо­йынша Атырау мұнай-газ универ­ситетімен және APEC Petrotechnic Жоғары колледжімен әріптестік байланыс орнатылған. Аталмыш оқу орындарының 69 студенті бағдарламаға қатысты. 

Стипендия төлеу бағдарламасы бойынша APEC Petrotechnic Жо­ғары колледжінің 5 студенті бағдар­­ламаға қатысты. 

Студенттердің өндірістік прак­ти­ка­­дан өту бағдарламасы бойынша қазақ­стан­дық 2 жоғары оқу орнымен және 5 колледжбен байланыс орнатылған. 
2014 жылдан бері 748 студент Ембі кен алаңдарында өндірістік тәжірибеден өтті. 

2016 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ тарапынан үлкен көмекке ие болғандардың бірі Атырау мұнай және газ университетінің студенті Нұрбек Сәкембай былай дейді:

– Қазіргі таңда «автоматтандыру және басқару» мамандығы­ның 3-курс студентімін. Үйіміз­де мұнайшы болмаса да «Ем­бі­мұнайгаз» АҚ оқу ақымды төлеп берді. Бұл мен үшін үлкен қуа­ныш болса, отбасым үшін үлкен көмек. 

Фархат ӘБІЛОВ