Аймақтар • 08 Қараша, 2017
Әнші Зәбира Жұбатова тұрған үйге тақта орнатылды
Таяуда Қарағандыда ҚазКСР халық әртісі Зәбира Жұбатова тұрған Әлиханов көшесі, 38/2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Ол Мәскеу сахнасында қазақ әндерін шырқаған талантты өнер иесі. Әнші Қарағанды облыстық филармониясының бастауында тұрғандардың бірі. Салтанатты шараға әртістің туған-туыстары, мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 08 Қараша, 2017
«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аяқталды
Биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің бүкіл өңірлерінен және алыс-жақын бірнеше елден 500-ден аса үміткер қатысты. Дарынды жасқа қанат бітіріп, өнерінің ұштала түсуіне мүмкіндік беретін бұл байқауда биыл жастар өнердің алты түрлі саласы бойынша бәсекеге түсті, бір-бірінің шама-шарықтарын байқап көрді, жетістіктері мен кемшіліктерінің ара жігін ажыратты, дуалы ауыз қазылардың ой-пікірлерімен санасты.
Аймақтар • 08 Қараша, 2017
Семейде балалар үйінің түлегі баспанасынан айырылып қалуы мүмкін
Балалар үйінің 23 жасар түлегі Дамир Инюшев жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін.
Білім • 08 Қараша, 2017
Білім беру жүйесінде бюджет қаржысын пайдалануда олқылықтар бар
Білім және ғылым министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Тарих • 08 Қараша, 2017
Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасында қандай іс-шаралар болады?
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы тәуелсіздік жылдары атқарылған іс-шаралардың көшпелі көрме жобасын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай кітапхана директорының орынбасары Әмірхан РАХЫМЖАНОВПЕН кездесіп, іс-шараның анық-қанығын сұраған едік.