Қазақстан • 19 Қараша, 2020
Бір күнде пневмонияның 202 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 202 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 19 Қараша, 2020
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 111 мыңнан асты
Өткен тәулікте Қазақстанда 337 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Қараша, 2020
Бельгер бейнесі – ел жүрегінде
«Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы Герольд Бельгер ақтық демі қалғанша әдебиетке деген адалдығынан танған жоқ. «Ұлтым неміс болса да, қазақтың жанын бір кісідей түсінем» дейтін жазушыны қазақ халқы да жүрегінде әлдиледі. Өмірден көшсе де көңілден өшпейтін із қалдырған тұғырлы тұлғаның Алматыдағы 40 жыл бойы тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Былтыр арманына қанат бітірген ару қалада дарын атына көше берілген еді.
Таным • 19 Қараша, 2020
Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып, шотталып, ал ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, Лао Цзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген), яғни Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жылдың 17 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тестілік режімде халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтан қызмет көрсету функциясын іске қосты.