Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып, шотталып, ал ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, Лао Цзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген), яғни Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.

Ол негізінен жетілген адамды дәріптеді. Жетілген адам мен саяз адамды бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, екеуінің арасындағы жер мен көктей айырмашылықты ұғындырмақ болды. Жетілген адамның тұжырымдамасын жасады. Адамгершілікті насихаттады. Адамның жүріп өтуі тиіс «Ұлы жолын» нұсқады. Даоны (жолды) рухани жол деңгейінде түсіндірді. Біздің мақсат Конфуций даосы мен Лао Цзы негізін қалаған даосизмнің арасын ашып көрсету. Екі ғұламаның идеяларының бір-бірінен мүлдем алшақ жатқанын дәлелдеу. Сондай-ақ Конфуций ілімінің ерекшелігіне назар аударту.
Қытайда Конфуций ілімі күні бүгінге дейін өмір сүреді. Қытай мәдениет тарихына өзіндік үлес қосқан алпауыт империялардың қатарында болған. Бүгінгі Жуңго мемлекеті (ҚХР) сол империяның заңды мұрагері. Әлі күнге дейін өздерін «Аспанасты еліміз» деп дәріптейді. Әрине қазіргі жаһандану дәуірінің жаңашыл идеялары Қытайды да айналып өте қойған жоқ. Одан қалса, 1960-1970 жылдардағы «Мәдениет төңкерісінің» өзі де ежелгі құндылықтарды қастерлеуге біршама кері әсерін тигізгені сөзсіз. Жуңгода да социалистік қоғамды насихаттаған жаңашылдар ескіліктің сарқыншағымен күрескені тарихтан мәлім. Бірақ ұзаса бір ғасыр төңірегіндегі саяси машақаттар сонау екі мыңжылдықтың алдында өмір сүріп, содан бері Қытай халқының жүрегінде өмір сүріп келе жатқан Құң ұстазды жұлып алған жоқ. Оның себебін әркім әртүрлі түсіндіреді. Бірақ бізге керегі – ол өмірді, адамды, қоғамды қалай түсінді, өмір сүрудің формуласын қалай жасады деген мәселе.
Қытайда қайырымды әрі мейірімді адамдарды аспан жарылқайды, ал зұлымдар мен қатыгездер аспанның жазасына ұшырайды деген түсінік осы күнге дейін сақталған. Бұл олардың аспанды құдай ретінде түсінуімен тығыз байланысты. Қытайлықтардың мифологиясында Шанди «Ұлы құдай» бейнесінде көрінеді. Әрі адам, әрі «құдай» Шанди өз халқының жоғын жоқтап, барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және ата-тектерінің негізін қалаушы. Бірақ уақыт келе (Чжоу династиясының тұсында б.з.б. ХІ ғасыр) Шанди құдайға жалбарынудың орнын аспан еркіне бағыну басты да, қытайлықтардың өмірінде Аспанның рөлі жоғарылады. Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, өлілер рухына емес, халықтың жағдайына ерекше мән берілгені мәлім. Сондықтан да Конфуций секілді дананы осы мәдениеттің жемісі деп ұғу қажет. Оның ілімінде о дүниенің кездеспейтінін, рухтар әлемінің аз айтылатынын осы жерден іздеу керек. Өз кезегінде Конфуций үшін басты нәрсе жол (дао) ұғымы болып табылады. Ол үшін «дао» – шындық және әділдік жолы. «Дао» – жеке адамның ғана емес, бүкіл халық өмірінің шындығы. Шындық жолынан адамды да, халықты да күшпен, зорлықпен тайдыруға болмайды, ол адамның рухани байлығымен, адамдардың бірін-бірі түсінісе білу қасиеттерімен сабақтасады.
Конфуцийдің пайымдауынша, «шындық жолы» өз бастауын адам табиғатынан алып, адамдар арасындағы қалыптасқан шынайы қасиеттердің нәтижесінде одан әрі толыса түседі. «Шындық жолы» идеясы – адам мен көктің арасындағы көзге шалынбайтын, бірақ ешуақытта да үзілмейтін өзара байланыстардың бар екендігін айқындайды. Ол былай деді: «Адамды ұлылыққа жеткізетін дао (жол) емес, керісінше, даоны (жолды) ұлы қылатын адам».
Ал енді даосизм (дао – жол) ілімінің негізін салушы Лао Цзы (б.з.б. VI ғ.) екені белгілі. Ол адамзатты табиғатпен бірлікке шақырған. Лао Цзының тұжырымдауынша, халық даоны негізге алуы қажет. Өз ой-пікірлерін былайша тұжырымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі – өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Дао – өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» – заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады. Түптің түбінде әділет жеңеді, әлсіздер күшіне мінеді, – дейді Лао Цзы.
Міне, Конфуцийдің дао ұғымы мен Лао Цзының даосының арасындағы айырма. Алғашқысы адамгершілік пен әділеттің, шындықтың салтанат құруы үшін адам бойындағы қасиеттерге иек артса, соңғысы жаратылыстың қозғалыс заңдылығын басшылыққа алады. Алғашқысында идеалистік көзқарас басым, соңғысында материалистік нышан бар. Әрине Лао Цзының философиясы Конфуцийдікімен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Өйткені ол тек қана адам өмірінің үйлесімділігіне емес, табиғаттың да тепе-теңдігіне бағытталған ілім. Ал Конфуцийдағы орталық тұлға – Адам.
Конфуций үшін ел басқарудың басты мақсаты – халықтың мүддесін қорғау. Оның қағидаларын ескерген ізбасарлары мемлекеттің үш негізгі элементін көрсетті: біріншісі – халық, екіншісі – Құдай, үшіншісі – әмірші-патша. Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Сұхбаттар мен пікірлер» деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулар «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюньцзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «Жетілген адамның» бойында негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: Нағыз «цзюньцзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет – парыз сезімі керек. Конфуций «Жетілген адам», яғни «Қайырымды ердің» бейнесін жасап, оны «қасиетсіз ерлерге» (сяожень) қарама-қарсы қойды. «Қайырымды ер» өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ал «қасиетсіз ер» болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. «Қайырымды ер» үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал «қасиетсіз ер» көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады.
Конфуций ілімінің құндылығы – оның зерттеуіндегі басты нысан – Адам болғандығында. Ол философ бола тұра, ойдың болмысқа қатысы туралы немесе сананың материяға қатысы туралы жазып бас қатырған жоқ. Атомдар мен молекулаларды әңгіме етпеді. Ол адам, оның адамгершілік қасиеті, адамгершілігі күшті адамдардың қоғамдағы ықпалы жайлы ойланды. Бұл туралы ой-пікірлерімен шәкірттерімен бөлісті. Адамның жер бетіндегі лайықты тұрмыс тіршілігі оның даналығымен, парасаттылығымен, білімділігімен тығыз байланыста болатындығын пайымдады. Әйтсе де ол білімді бірінші орынға қойған жоқ. Бірінші орынға адамгершілікті шығарған ғұлама жан-жақты жетілген тұлға болу үшін бір ғана адамгершіліктің аздық ететінін дәлелдеп берді. Әрине оның жетілген адам концепциясын ғана жасамағаны белгілі. Ол адамдар арасындағы әділетті қарым-қатынасты, қоғамның тұрақтылығын, үйлесімділігін жақтады. Бұл орайда әркімді өз орнын білуге шақырды. Сайып келгенде конфуцийлік дегеніміз – әдептер мен ережелер туралы ілім деуге келеді. Ол мәңгілік мәселелерді көтерген ілім. Адам, оның жер бетіндегі орны, қоғамдағы орны, адамгершілік қағидаттары, үйлесімді өмір кешу – бұл барлық қоғамда да маңызды болған мәселелер. Сондықтан Конфуций ілімі ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар