Таным • 29 Қараша, 2022
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Тараз» монографиясының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Сенигованың 100 жылдық мерейтойына орай «Жазба деректеріндегі Тараз» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
«Сұрасаң біздің ауыл Пістеліде»
Автобиографиялық жанрдағы кітаптар шынайылығымен, қалтарыс-бұлтарыстағы автордың шешімтал көзқарасы, қайталанбас сезімімен жанды баурайды. Қаламгердің жеке өмірін қаузап, сырттай бақылап қағазға түсірген еңбегі оқырманға қызықты әрі шытырман. Толстойдың «Балалық шағы» мен Гетенің «Өз өмірімнен: Поэзия мен шындығы» – әлем әдебиетінің асыл жауһарлары. Ал отанымыздағы Мұхтар Мағауиннің «Мен» романы және Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүниесі», Әзілхан Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» романдары жеке тақырыпқа жүк. Мархабат Байғұттың «Ақтолғай» автобиографиялық эсселер жинағы – жазушы өмірінің сан түрлі қатпарларынан тіл қатқан құнды шығарма.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
«Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында, Әскери-теңіз күштерінде, сондай-ақ елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында әскер қатарын жаңа толықтырғандардың ант қабылдау рәсімдері өтті. Салтанатты іс-шарада 2600-ден аса сарбаз Отанға адал болуға ант берді.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Ал сол егемендігіміз бен елдігіміздің баянды болуы ішкі тұрақтылықтың сақталуына тікелей байланысты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан сапына жыл сайын он мыңдаған бозбала келіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Басты назарда – жауынгерлік дайындық
Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Алматы және Жетісу гарнизондары бөлімшелерінің қысқы оқу кезеңіне дайындығын тексерді.