Теннис • 12 Қараша, 2019
Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі басталды
Кеше Ұлыбритания астанасы – Лондонда АТР-дің қорытынды турнирінің шымылдығы түрілді. Айтулы жарыста бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі төрт-төрттен екі топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасуда.
Экономика • 12 Қараша, 2019
Биыл қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды - Қаржы министрі
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалу мәселелері қаралды. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2019
Кәсіпқой бокс: WBC рейтингі жарияланды
Жуырда АҚШ-та Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносені алтыншы раундта ұрып жығып, қос бірдей алтын белбеуін қорғап қалған кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде бір сатыға жоғарлады.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Ақтауда әлеуметтік жоба қатысушыларының аймақтық форумы өтті
Ақтауда «Zhas Project» жобасы аясында аймақтық форум өтті. «Zhas Project» жобасына Маңғыстау облысынан ұсынылған 1264 жобаның 321-і грант ұтып алды. Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов қатысқан форумда жоба авторларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар жарты жыл ішінде атқарған жұмыстарының нәтижесін жария етті.
Экономика • 12 Қараша, 2019
Қазақстанда микрокредиттердің максималды мөлшері артады
Мұндай нұсқа 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Және бұл өзгерістер Ұлттық банктің микроқаржы ұйымдарының нарығын жаңа жолмен реттейтін түзетулерінде бар екен.